Ғылыми жаңалықтар

Жас ғалымдарға атом энергетикасы бойынша зерттеу жүргізуге үлкен мүмкіндік туды

21.04.2014

4619

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ және француздың атом энергетикасы саласындағы компаниялары оқушылар сарайына баламалы қуатты зерттейтін құрал-жабдықтарды сыйға тартты.
Оның ішінде ядролық отын зауытында пайдаланылатын қолғаптық қорап моделі, жел турбинасы мен күн, сутегі технологиясын көрсететін қондырғылар бар. Сонымен қатар атом энергетикасы саласына қызығушылық танытатын балаларға ақпараттық материалдар таратылды. Енді жас ғалымдар бұл құралдардың көмегімен энергия көздері бойынша тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізеді.
Оливье Вантс (Olivier Wantz), Areva компаниясының аға атқарушы вице-президенті:
- Менің ойымша, мұндай бастамалар жас ұрпаққа өз мамндығын таңдап, ғаламшар үшін энергетикалық шешімдер табуға зор қолғабыс болады. Бұл жоба арқылы балалар көмірқышқыл газын аз мөлшерде шығаратын энергия жайлы көп ақпарат алады.

Источник: 24.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар