Ғылыми жаңалықтар

Әлем генетиктері адам жасын ұзартудың ортақ бағдарламасын жасамақ

18.04.2014

4959

Сочиде ұзақ өмір сүру мен қартаю мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді. Оған дүниежүзі генетиктері қатысады, деп хабарлады РИА Новости.
Белгілі ғалымдар Сочидегі Олимпиада саябағында 3 күн бойы қартаю мәселелері мен адам жасын ұзартудың мүмкіндіктерін сөз етеді.

«Бүгінде көптеген зерттеушілер қартаюды ауру ретінде қарастырып, биологиялық себептерін анықтасақ, оның да емі де табылады дейді.

Сол үшін қартаю мехнизмінің бірыңғай картасын құрып, өмірді ұзартуға бағытталған ортақ әрекеттер бағдарламасын жасау керек», - делінген хабарламада.

Сочидегі конференцияға атағы жер жаратын ғалымдар ғана емес, сонымен бірге, адам жасын ұзартатын бизнес құруды мақсат тұтқан кәсіпкерлер мен инвесторлар және журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысады деп жоспарлануда.

Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар