«ТДҰА» АҚ қолдаған стартап жоба электронды кезекті реттеу жүйесін жасады. Технологиялық бизнес инкубация бойынша мемлекет қолдауына ие болған «Стендинг» компаниясы ультра жұқа таблолы алғашқы отандық кезекті басқарудың электронды жүйесінің жұмысын жолға қойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі «ТДҰА» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Жобаның инновациялығы жұқалығында, арзан әрі орнатудың жеңілдігінде Жүйенің сыртқы түрі, сенімділігі мен жұмыс атқаруы шетелдегі баламаларынан кем түспейді», - делінген хабарламада.
Технологиялық бизнес-инкубация бағдарламасы бойынша бөлінген қардымен компания өз жаңалығы бойынша бірнеше патент алып, авторлық құқығын рәсімдеген. Тауар белгісі тіркеліп, стандарт әзірленіп, кәсіпорын ғимараты мәселесі шешімін тапқан.
Өнертапқыш, инженер және компанияны құрған Андрей Гайдамактың айтуынша, мемлекетткен көмек берілген соң көптеген мәселе шешілген. «Бізге ел аумағында серіктестік желісін құруға мүмкіндік туды және электронды кезекті реттеу жүйесінің техникалық орталықтары ашылды. Мысал ретінде айтар болсақ, «АстанаЭнергоСбыт» ЖШС-нда электронды кезекті реттеу жүйесі орнатылды», - дейді жоба авторы.
2011 жылдан бері «Стендинг» компаниясы елімізде 60 осындай жүйе орнатқан. 2013 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ-ның» алты вокзалында Standing кезекті электронды реттеу жүйесі орнатылды.
Все права защищены.
При использовании материалов BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.
При использовании материалов BNews.kz:
- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;
- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz».
Источник: bnews.kz