Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар: Суретшілердің миы өзгешелеу болады

18.04.2014

4147

Суретшілердің миы өзге адамдарға қарағанда өзгешелеу болады. Бұл туралы соңғы зерттеулердің нәтижесінде белгілі болды.

Зерттеуге қатысқан адамдардың миын сканерден өткізу кезінде суретшілердің моторикаға және визуалды бейнелердің қалыптасуына жауап беретін ми бөліктері кеңірек дамығаны анықталды. Осы арқылы суретшілердің таланты шынымен де туа біткен ерекшелік болуы мүмкін, делінген сарапшылар деректерінде.

KU Leuven University бельгиялық оқу орнында аталған зерттеуді жүргізуші Ребекка Чемберленнің хабарлауынша, ғалымдар аталған құбылысқа түсінік беруді іздеу мақсатында зерттеу жұмыстарын жалғастыруға ниетті.

«Зерттеу нәтижесіне қарағанда, суретшілер миының күңгірт бөлігінде сұр зат көлемі көбірек кездесті. Мидың дәл осы бөлігі адамның шығармашылық қабілеттілігі мен визуалды бейнелерді қабылдауына жауап береді»,-дейді Р. Чемберлен.

Источник: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар