Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандағы ортағасырлық қалалардан 250-ден астам ғалым шыққан

18.04.2014

5103

Қазақстандағы ортағасырлық қалалар мен елді мекендерден 250-ден астам ғалым мен ойшыл шыққан. Бұл туралы Астана қаласында өтіп жатқан Орта Азиядағы Исламның рөліне арналған халықаралық конференцияда филология ғылымдарының докторы, профессор, Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры Әбсаттар қажы Дербісәлі мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Отырар, Түркістан, Сайрам, Испиджап, Тараз, Баласағұн, Сығанақ, Жент сынды ортағасырлық қалаларымыз бен елді мекендерден 250-ден астам ғалым мен ойшыл шыққан. Бір Отырар қаласынан 31 ғалым шықты. Бүгінгі таңда «Қазақстан тарихы» оқулықтарында әлі күнге дейін 5-6 адамның ғана аты аталды. Бізге тарихты қайта қарастырып, жаңа ізденістер мен зерттеулерді енгізу керек», - дейді Әбсаттар қажы.

Сонымен қатар ол: «Түркияның мемлекеттік және жеке меншік кітапханаларының қолжазба қорында және жоғары оқу орындарында біздің ортағасырлық қалалар мен елді мекендерден шыққан ғұламаларымыз бен ойшылдарымыздың әлі жарық көрмеген бірқатар еңбектері сақталған», - деді.

Әбсаттар қажы Дербісәлі өз баяндамасында Баласағұн қаласынан шыққан ғалымдардың саны Самарқандқа қарағанда көп деген дерек келтірді.

Мәлімет көзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар