Ғылыми жаңалықтар

Француз дәрігерлері бірден жеті ішкі органды ауыстыру отасын жасады

18.04.2014

4948

Төрт жыл бұрын Парижде бес жасар неміс қызына бірден ішкі жеті органына күрделі ота жасалған болатын.
Осы аптада биыл тоғыз жасқа толған сол қыз Париж ауруханасына тексеруден өтуге, атап айтқанда ультрадыбыстық диагностикадан өтуге, сынамалар тапсыруға келді, деп хабарлады Росбалт.

2010 жылы ол қызға бірден ішкі жеті органына ота жасалып, соның ішінде бауыры мен бүйрегі ауыстырылған болатын. Қазір ол өзін сергек сезінеді және толыққанды өмір сүре алады, дегенмен ол оқтын-оқтын өзінің жаңа органдарының қызметін тексертіп тұруы тиіс.

Биомедицина профессоры Оливье Бастьен "2007 жылдан бастап, бізде ішкі органдарды ауыстыру бойынша сегіз күрделі ота жасалды. Бұл - тамаша жетістік", - деп атап өтті.

Осы сегіз отаның екеуі балаларға жасалған. Бір қыздың өзіне бірден жеті ішкі органы ауыстырылған. Кішкентай неміс қызы Гиршпрунг сырқаты деген сирек кезедесетін ауруға ұшыраған болатын.

Оны туғаннан бастап жасанды жолмен тамақтандырған. Қыздың тоқ ішегінің дамуында кемістік пайда болып, көптеген ішкі органдарының қалыпты жұмыс істеуі қиындаған.

Читать полностью: news.nur.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар