Ғылыми жаңалықтар

Хирургтардың V Конгресі өтеді

18.04.2014

5123

А.Н.СЫЗҒАНОВ атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 2014 жылдың 21-25 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Хирургтарының V Конгрессі өтеді.

А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы Германия, Англия, Нидерланд, Италия, Швейцария, Жапонии, Корея, Израиль, Польша, Түркия, ТМД мен Балтика жағалауы елдерінің және өзге де мемлекеттердің атақты мамандарын тарта отырып, Қазақстан хирургтарының V Конгрессін өткізеді. Шара «Саламатты Қазақстан» ҚР дамуының Мемлекеттік бағдарламасын және 2014 жылға арналған ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылмақ.

Конгрес барысында аймақтарда шұғыл жоспарлы хирургиясынан орын алатын өлім-жітім оқиғаларын және мүгедектікті төмендету үшін 21 сәуірде Алматы қ. хирургиялық клиникаларында 8 шеберлік-сабағы өтеді деп күтілуде. Сондай-ақ, түрлі операциялар жасалынады.

Хирургтардың V Конгрессінде денсаулық сақтау ісінің бәсекеге қабілетті мамандар әлеуетін даярлау мақсатында жас ғалымдар конкурсы өтеді. Отандық пен шетелдік компаниялар замануи дәрі-дәрмектерінің соңғы жетістіктер көрмесі болады.

Айта кетелік, аталмыш шара елімізде түрлі хирургиялық ауруларды және олардың асқынуларын емдеуде дамыған елдердің озық тәжірибесін қолдануымен медицинаның замануи жетістіктерін енгізу, тұрғындарға хирургиялық көмек көрсетудің замануи стандарттары бойынша профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шаралардың біріңғайлығын қамтамасыз ету үшін хирургиялық инновациялық алаңшалар желісінен тұратын көпбейінді хирургиялық қызметін құру мақсатында жасалып отыр.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар