Ғылыми жаңалықтар

Геология саласында кадр мәселесі қиындық туғызып отыр

08.04.2014

5450

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев Геологтер күніне орай ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында геология саласында кадр мәселесі қиындық туғызып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Отандық білім беру жүйесі Еуропалық үлгіге көшкеннен кейін, біздегі бірқатар мамандықтар бірігіп кетті. Егер геологияға қатысты 30-ға жуық мамандық болса, бүгінде оның саны қысқарып отыр. Мәселен, гидролог, қатты пайдалы қазбалардың геологі, мұнай-газдың геологі сынды мамандықтар біріктіріліп оқытылады бүгінде», - дейді Б.Нұрабаев.

Базарбай Қанайұлы кадр мәселесін шешуді мектеп жасынан бастау керек екендігін айтады.

«Мектеп қабырғасында қазіргі таңда «Жас геолог» деген үйірме бар. Соның жұмысын жандандырып, оқушылардың геологияға деген қызығушылықтарын арттыру керек», - деп есептейді ол.

Источник: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар