Ғылыми жаңалықтар

Алматыда «Жас геолог» халықаралық олимпиадасы өтеді

08.04.2014

5362

Биыл тамыз айында Алматы қаласында мектеп оқушылары арасында «Жас геолог» халықаралық олимпиадасы өтеді. Бұл туралы Bnews.kz тілшісіне Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлімдеді.

«ТМД елдері Геологтері кеңесінің Алматыда өтетін 18-ші сессиясы аясында мектеп оқушылары арасында «Жас геолог» халықаралық олимпиадасы ұйымдастырылады. Аталмыш додаға ТМД елдерінен 200-ге жуық команда қатысып, оның 16-сы Қазақстанның намысын қорғайды деп жоспарлануда», - дейді Б.Нұрабаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін геологтер күніне орай Астана қаласында дөңгелек үстел өттіп, онда еліміздегі озық геологтер, ғылыми топтар мен геологиялық қоғамның өкілдері, геологиялық саладағы кәсіпорындардың жетекшілері өзара пікір алмасып, ортақ проблемаларын талқыға салды.

Источник: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар