Бакуде әлем ғалымдарының форумы өтеді
07.04.2014
5285
26-31 мамыр аралығында Азербайжанда әлем ғалымдарының Баку форумы (Baku World Science Forum) өтеді.
Бұл туралы осы елдің жастар және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Алқалы жиынды ұйымдастырушылар - Жастар және спорт министрлігі мен Азербайжан Ұлттық Академиясы, ЮНЕСКО, «Eurodoc» еуропалық жас зерттеушілер кеңесі және жас ғалымдар ұйымы, Азербайжан аспиранттары мен магистрлері.
Форумды өткізудегі басты мақсат - әлем ғалымдарының басын қосу, ғалымдар одағын, студенттер желісін қолдау.
Жиынға 100 елден 500 делегат қатысады деп күтілуде.
Дерек көзі: inform.kz
| «« | »» |