Ғылыми жаңалықтар

Сарапшылар: алдағы уақытта барлық жерде климат өзгереді

02.04.2014

4533

Климаттың өзгеруі бойынша Үкіметаралық топтың сарапшылары әлемдік қауымдастықты адамзатты алдағы уақытта климаттық өзгеріс күтіп тұрғанынан хабардар етті, деп хабарлады Би-Би-Си.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы жылдары ғаламшар тұрғындарын тамақпен қамту проблемасы туындауы мүмкін. Өйткені әлемдегі температураның көтерілуі өнімділікке әсер етеді.

Сонымен қатар, миллиондаған адамдарға селдер мен эпидемиялар қауіп төндіруі ықтимал, деп қосты мамандар.

Бұл факторлар түрлі аймақтарда саяси тұрақсыздықты күшейтеді, алайда адамдар бұл өзгерістерге бейімделе алады.

Бақылаушылардың пікірінше, сарапшылар тобының есебі үкіметтердің атмосфераға көмірқышқыл газын шығаруды азайту туралы жаңа келісімге қол қоюына ықпал етеді.

Источник: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар