АСТАНА. 31 наурыз. BAQ.KZ – Қазақстандық ғалымдар әлемде болмаған жаңалық ашып, кеудесін қаққан Нобель сыйлығының иегерлерін де есінен тандыра жаздады.
"Айқын" газетінің хабарлауына қарағанда, ғалымдарымыз өсірген жеміс ағашы бір мезгілде алматының апорты түгілі, күні күйіп тұрған елдерде өсетін мандарин, киви, апельсин, банан, ананас, лимон секілді жемістерді де береді. Әрі оның емдік қасиеттері де көп дәріні алмастыратын көрінеді.
Бір түп жеміс ағашы осыншама байлыққа кенелтеді деп ешкім де ойламағаны анық. Тамаша тәжірибені іске асыруды біраз жыл күтуге тура келіпті. Өйткені сынақтың соңы қалай боларын білмеген ғалымдар біраз уақыт сабыр сақтап, әліптің артын бағыпты. Сүйінші хабар елге тарасымен, әлем елдері қазақстандық ғұламалардың жеміс ағашын сатып алуға кезекке тұра бастапты. Әсіресе, өзбек ағайындар алтын кен орнымен айырбастауға ұсыныс жасапты. Не болса да әлемді аузымызға қараттық, енді ақырын күтейік...
Источник: baq.kz