Ғылыми жаңалықтар

Жерге қауіпті астероид жақындап келеді

28.03.2014

3845

Америка мен Ресей астрономдары Жер шарына жақындап келе жатқан ірі әрі қауіпті астероидты анықтады, деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Астероидты алғаш рет 8 наурызда АҚШ-тағы «Каталина» астероид жобасының өкілдері байқаған болатын. Алайда жаңа нысан кейіннен көзден ғайып болып, наурыздың соңында тағы пайда болды. Енді оны Нью-Мексико штатындағы ISON-NM обсерваториясының автоматты телескопының арқасында ресейлік астроном Леонид Еленин анықтап отыр.

Жаңа 2014 ER49 астероидының Жерге қауіпті нысандардың біріне жатқызылу себебі, оның орбитасы мен біздің планета орбитасының арасындағы ең аз қашықтық бар болғаны 0,016 астрономдық бірлікті (2,3 миллион км) құрайды. Сонымен бірге әдетте қауіптілер қатарына Жер орбитасымен қашықтығы 0,05 бірліктен кем аспан денелері жатқызылады.

Осы айда анықталып отырған астероид айтарлықтай ірі (диаметрі шамамен 700-750 метр), ал бұл дегеніміз ол Жерге құлаған жағдайда тұтастай бір мемлекетті жойып жіберуі мүмкін екенін білдіреді.

Алайда сарапшылардың айтуынша, әзірге нысан тікелей қауіп әкелмейді, өйткені ол 20 шілде күні біздің планетамыздан 24,7 млн шақырым қашықтықта ұшып өтіп, Жерді жанамайды деп күтілуде

bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар