Ғылыми жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ақпараттық шешімдер өндіруші компаниядан 200 млн. теңгенің бағдарламалық кешенін сыйға алды

28.03.2014

3450

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Таулы-геологиялық салаға арналған ақпараттық шешімдер өндірісі бойынша «Микромайн Орталық Азия» компаниясы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 200 млн. теңгенің лицензиялық бағдарламасын сыйға тартты.

Ұлттық университетте геологиялық барлау компаниясы басшылығымен болған кездесуде картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі Ғайникамал Қасымханова бұл бағдарламалық кешенді жоғары бағалай келе: «Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға арналған маңызды бағыттардың бірі - елімізде геология ғылымын дамыту. Осы тұрғыда геология ғылымында инновациялық бағыттарды дамытуға бағытталған шаралар өткізіп тұру қажет. Бүгінгі бізге берілген сый - Қазақ ұлттық университетіне Елбасы қойған келелі міндеттерді жүзеге асыруда үлкен демеу болары сөзсіз», - деді.

Сонымен қатар кафедра меңгерушісі бұл ақпараттық кешеннің ұлттық университетке таулы-геология саласында жоғары білікті мамандар даярлауға және ғылыми-инновациялық жобалар әзірлеуге септігі тиетіндігін жеткізді.

http://www.inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар