Ғылыми жаңалықтар

Миды қартаюдан сақтау жолдары - зерттеу

27.03.2014

3808

Питсбург университетінің (АҚШ) ғалымдары таза ауада серуендеу миды қартаюдан сақтайтындығын анықтады.
Қарттық деменция ауруы кезінде мидың көлемі кішірейеді. Ал бұл процесті баяулатуға болады екен.

Доктор Кирк Эриксонның тәжірибесіне 50 мен 80 жас аралығындағы жүзден астам адам қатысты. Қатысушылардың тең жартысы аптасына үш рет 30-40 минуттай жаяу серуендесе, келесі жартысы бұл уақыттарын зал ішінде түрлі жаттығулар жасаумен өткізді.

Бір жыл өткен соң зерттеу таза ауада серуендеген топ мүшелерінің мидың естеу сақтау қабілетіне жауап беретін бөлігі 2-3 пайызға ұлғайғандығын көрсетті, деп жазады kp.ru.

Источник: www.inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар