Ғылыми жаңалықтар

Көне адам қаңқасынан қатерлі ісік белгілері анықталды

18.03.2014

4213

Ұлыбританияның ғалымдары осыдан үш мың жыл бұрын өмір сүрген мысырлықтың қаңқасын зерттей келе оның қатерлі ісікпен ауырғандығын анықтады.

Бүгінгі күнге дейін қатерлі ісік ауруы өркениеттің пайда болуынан кейін тарала бастады деген пікір қалыптасқан. Ғалымдар дертті темекімен, алкогольмен, салауатты өмір салтының жоғалуымен байланыстырады. Алайда, ғалымдар қателескен сыңайлы. Зерттеулер көрсеткендей, рак індеті көне Египетте де болған.

Қатерлі ісікке шалдыққан адамның қаңқасын Ніл жағалауынан тапқан. Оның сүйектерінде аз ғана зақым болған көрінеді. Ол зақымдар қатерлі ісіктің дамуының салдары дейді мамандар. Енді олар рак ауруының мыңдаған жылдар бойы қалайша дамығандығын анықтамақ.

Источник: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар