Ғылыми жаңалықтар

Біздің мақсатымыз – Елбасының «жасыл белдеу» идеясын жастар арқылы жүзеге асыру

17.03.2014

5186

– Қоршаған ортаның кейінгі кезеңдердегі ең күшті өзгерістерінің бірі – биосфераның әлемдік жы­лынуы, яғни атмосфераның және гидросфераның бір­тіндеп, бірақ үздіксіз жылынуы болып отыр. Бұл ғы­лымда және қоғамдық пікірде дәлелденген факт. Де­сек те, климаттық жылынудың басты себептері не­де?

– БҰҰ мамандарының мәліметі бойынша, кли­маттың әлемдік жылынуының негізгі се­беп­тері: біріншіден, бұл адамзаттың тіршілік әре­ке­тінің нәтижесі. Адам баласы өндірісті, техниканы, транс­портты зор қарқынмен дамытты, ауыл шаруа­шылығы интенсивтендірілді. Нәтижесінде ат­мосфераға «жылыжай эффектін» беретін СО2, СО газдары, күкірт пен азот оксидтері және басқа да зиянды газдар зауыттар мен жылу элект­рос­тан­са­лары трубаларынан, автокөліктерден орасан көп мөлшерде шығарылуда. Мысалы, 1960-1990 жыл­дар аралығында ауаға шығарылған СО2 және бас­қа газдар мөлшері 13 пайызға артқан, 1991-2012 жылдары бұл процесс екі есеге көбейді. Бұл биос­фераның әлемдік жылынуын да күшейте түсу­де.

Екіншіден, қазіргі кезеңде Күннің активтілігі кү­шейіп, Жер ғаламшарын қыздырып, оның жы­лынуын күшейтті. Егер аспанда бұлт жоқ болса, ауа тез қызып, аптап ыстық болады, бұл күннің ак­тивтілігінің күшеюінен болатыны сөзсіз. Үшін­шіден, Ресей ғалымдары қазіргі кезеңдегі кли­маттың ғаламдық жылынуы табиғи процесс деп есеп­тейді. Жер ғаламшарының солтүстік бөлігінде кли­­маттың ылғалды-салқын фазасы 1978-1979 жыл­дары басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді 2012-2013 жылдардан бастап климаттың жы­лы-құрғақ кезеңі басталып, ұзақ жылдарға со­зы­ла­ды. Мысалы, Алатау етегінде орналасқан Ал­ма­ты қаласында және маңында 2013 жылы жаз ыс­тық, күз жылы, құрғақ болып, жауын-шашын қа­рашаның ортасына дейін аз мөлшерде жауды. Ал ең қатал, жауын-шашыны аз, жазы аптап ыс­тық, қуаңшылық жағдайдың максимальды әсер­лі ке­зеңі 2018-2021 жылдары байқалуы мүм­кін және бұл жағдай 2026-2035 жылдарға дейін созылады, со­сын кезең аяқталуы ықтимал. Аталған қуаң­шы­лық жағдайлардың зиянды әсері Қазақстанда, әсі­ресе, аридті (шөл және шөлейт аймақтарында) өте күшті болады деп күтілуде. Климаттың ари­ди­зациялануы (куаңшылыққа ұшырауы) тұщы су тапшылығын туындатып, жазда өте күшті аптап ыс­тық болады, шөлейттену процесі күшейе тү­се­ді, орман өрті (табиғи және антропогендік әсер­ден) көбейеді. Мұның бәрі әлеуметтік киындық туындатып, жануарлар мен адам және өте көп мөлшерде экономикалық шығын орын алуы мүм­кін. Мен бұл орайда биосфераның әлемдік жы­лынуының негізгі үш себебіне тоқталып отырмын. Осы факторлар бір-бірімен өзара әсерлесуі ар­қы­лы «әлемдік жылу эффектін» күшейте түсуі мүм­кін.

– Сіз айтып отырған апатты жағдай адамзатқа қа­лай әсер етуі мүмкін?

– БҰҰ-ның 2007 жылғы «Даму бағдарламасы» мә­ліметі бойынша, қазіргі заманғы климаттық өз­­герістерді жөндей алмаса, адам баласының көп­ші­лігінің болашақта қалыпты өмір сүру перс­пек­ти­в­асы бұлыңғыр болмақ, демек, 2,5 млрд адам­ның болашақта өмір сүру мүмкіндігі күрт тө­­­мен­дейді. Алдағы бірнеше онжылдықта 1,3 млрд адам экологиялық босқынға айналады, ал 2 млрд адам тұщы су тапшылығынан зардап шегуі мүм­кін. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның Оң­түс­тік Кореядағы Инчхонда өткен экологиялық форумда айтқан «планетамызда күшті қуаңшылық жағдай мен тасқын су болып, қиындықтар туын­дайды» деп алаңдауы бекер емес. Аталған жағ­дайлар планетамыздың көптеген аймақтарында 2012-2013 жылдардың өзінде-ақ байқалып, жан­уар­лар мен адам шығыны көбеюде, ком­му­ни­ка­тивтік құрылыстар қирауда. Бұл зор көлемде әлеу­меттік және экономикалық шығын әкеліп жат­қаны айқын.

Қазіргі ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі бойын­ша, атмосферадағы оттегі түгелімен өсім­діктер фотосинтезі нәтижесінде жинақталған. Мы­­салы, құрылықтағы өсімдіктер жамылғы­сы­ның фотосинтезі нәтижесінде атмосфераға жылына 280-320 млрд тонна оттегі қосылады. Оның 80-85 пайыз мөлшері биосферадағы тірі ор­га­низмдердің, соның ішінде адамдардың тыныс алуына жұмсалады екен, ал 10 пайызы, яғни 28-32 млрд тонна оттегі өндірісте, транспорттың бар­лық түрлерінде жағылады. Ал өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы қазіргі кездегідей қарқынмен да­митын болса, ХХІ ғасырда жылына 58-64 млрд тон­на және одан да көп мөлшерде оттегі жағылып, пай­даланылады деген болжам бар. Қазірдің өзінде әлем­де күніне 4,5 млрд тонна жанармай жағылып, көп мөлшерде оттегі шығындалуда. Нәтижесінде құ­рылықтағы өсімдіктердің фотосинтезі про­цесінде шығарылған оттегі адамзаттың энергия алуы үшін жағылған оттегі мөлшерін қайтадан толтырып, қалпына келтіре алмайды, аталған газ (оттегі) мөлшері жылдан-жылға азая береді. Егер атал­ған салаларда энергия алу үшін жанармайды жағу шектелмесе, оттегінің мөлшері 21 пайыздан 8 пайызға дейін азаюы мүмкін. Бұл сүтқоректі жан­уарларға өте зиянды құбылыс, олар жаппай қы­рылуы ықтимал. Атмосферадағы оттегі мөл­ше­рі 12 пайыз болғанда адам есінен танып құлайды. Яғни бұл жағдай адамзат тіршілігіне аса қауіпті. Адам баласына нан, ет, сүт, тағы басқа азық-түлік қаншалықты қажет болса, оттегі де өте керекті фактор. Бірақ атмосферада оттегі әзірге жеткілікті болғандықтан оны дефицит, шектеуші фактор деп есептемейміз. Осындайда «алтынның қолда барда қа­дірі жоқ» деп қазақ айтқан ғой.

– Олай болса, биосферадағы және Қазақ­стан­дағы ауа бассейнін жақсарту жолында не істеу қа­жет деп ойлайсыз?

– Биосферадағы және Қазақстандағы ауа бас­сейнін жақсарту тазалау және тұрғындарға жайлы экологиялық жағдай жасау үшін адам баласының әлі де 40-45 жыл уақыты бар. Елбасы Назарбаев рес­публика халқына Жолдауында «2050 жылға дейін Қазақстан экономикасы, өндірісі дамыған, әлеуметтік тұрғыдан өте қолайлы ел болуы керек» деп айтты. Халыққа жайлы Мәңгілік ел болу үшін Қазақстан экологиясы жақсарып, қолайлы болуы қажет. Осыған сәйкес, менің ойымша, табиғи зиян­ды құбылыстарды болдырмаудың және өте қа­тал, жазы аптап ыстық, континентальды кли­мат жағдайын жақсартудың бірнеше экологиялық жо­лы бар: 1) энергия алудың басқа, оның бала­ма­лы жолын табу (күн энергиясын, жел энергиясын, гид­роэлектр стансалары энергиясын, атом стан­салары энергиясын, теңіздердің толысуы және қайтуы энергиясын, т.б. пайдалану). Мысалы, Қарағанды облысында жел мен күн сәулесі шуа­ғынан алынатын қуат (энергия) жүйесін дамыту жоспарлануда. Қазақстанда күн радиациясынан энергия алынатын қондырғыларды жасайтын зауыт салу, ал Шығыс Қазақстан облысында құны 18,1 млрд теңге болатын жел электростансаларын салу, яғни 2020 жылға дейін 31 баламалы нысандар салынып, өндіріске енгізілу жоспарлануда. Қа­зақ­стан «Болашақтың энергиясы» деген атпен «Экс­по –2017» көрмесін өткізу мәртебесіне ие бол­ды. Бұл көрмеде «Болашақ, альтернативті энер­гия алу және пайдалану жолдары» көрсетіледі. 2) биосферадағы өсімдіктер жамылғысы фотосинтезін күшейту, орманды сақтап, көлемін ұлғайту, күшті фотосинтездеуші әрі ұзақ жыл өмір сүретін ағашты өсімдіктерді көптеп өсіру керек; 3) отан­дық гидрогеология саласы ғалымдары мен ма­­­мандарының зерттеу нәтижелері бойынша Бет­пақдаланың астында және Арал өңіріндегі құм астында орасан көп мөлшерде тұщы су қоры бар екен. Соларды егіншілікте, мал шаруашылығында және өндірісте пайдалану үшін аталған суларды жер бетіне шығару қажет. Бұл өте күрделі мәселе, бірақ болашақта аталған проблема күн тәртібіне қойылуы мүмкін.

– Адамзат өмірінде орманның алар пайдасы өте үл­кен. Бұл орайда сіз қандай дәлелдер мен дәйек­терді тілге тиек етер едіңіз?
– Фотосинтез процесінде көмірқышқыл га­зын (СО2) көп мөлшерде сіңіріп, оттегіні (О2) кө­бірек шығаратын өсімдіктер қауымдастығы бұл – ормандар. Биосферадағы СО2: О2 ара қаты­на­сын сақтап, оттегіні көбейту, ауаны тазарту проб­ле­масын шешу жолы – ормандарды сақтау, қал­пына келтіру және күшті фотосинтездеуші әрі ұзақ жыл өмір сүретін ағашты өсімдіктерді көптеп егіп өсіру. Мысалы, шырша орманының белгілі ау­мақ, алаң бірлігінде көмір қышқыл газын (СО2-ні) сіңіруі және оттегіні шығару мүмкіндігін 100 пайыз деп есептесек, онда сондай аумақтағы жа­пы­рақты орманның СО2-ні сіңіруі және оттегіні шы­­ғаруы- 120%, қарағай- 130%, арша- 140%, жө­ке (липа)- 250%, емен ағашы орманы- 450% бо­ла­ды екен. Өсіп жетілген бір арша ағашының фо­то­синтезі нәтижесінде шығарылған оттегімен 20-25 адам жыл бойы тыныс алады, ал жетілген бір емен ағашының көктемнен күзге дейінгі фотосинтезі процесінде шығарылған оттегімен 40-45 адам жаз бойы тыныс алады екен.

Физик-математик ғалымдардың зерттеу нә­тижелері бойынша, кронасы мен бұтақтары тығыз орналасқан ну ормандарда жапырақтарының қосынды алаңы мөлшері сол ормандар орналасқан жер бетінен 10 еседей артық. Ормандардың жа­пы­рақ транспирациясы арқылы судың булануы- кон­тиненттің түкпірінде, мұхиттан қаншалықты қашықтықта болса да теңіз ылғалын тартатын, то­пырақ ылғалы мен ағын сулар мөлшерін сақ­тай­тын физикалық насос күші бар құбылыс. Жы­лы аймақтарда бұзылмаған орман алқаптары бар жер­лерде тасқын сулар болмайды, ағын сулар мөл­шері жыл бойы тұрақты болады, дауылдар мен құйын желдер болмайды. Мұндай апатты жағ­дайлар адамзат тіршілігі нәтижесінде ормандар жойылған аймақтарда байқалады (мысалы, ормандар жойылған Солтүстік Америкада дауыл мен жел жиі болады). Сондықтан ормандар- құ­ры­лықтардағы климаттық өзгерістерді, су ай­налымын тұрақтандырушы күрделі жүйе. Далалы ай­мақтардағы, жайылымдардағы шөптесін және бұталы өсімдіктер топырақтың ығалдылығын жә­не өзендердегі су мөлшерін тұрақты ұстап тұра ал­майды. Мұхит пен теңізден әрбір 400 ша­қырымға қашықтаған сайын ылғал ағыны екі есе­ге, яғни геометриялық прогрессия бойынша азая­ды.Бірақ «планетамыздың өкпесі» саналатын Ама­зонка өзені жағасындағы тропикалық ну ор­мандардың алаңы 2010 жылы 103 шаршы шақырымға, 2011 жылы 593 шаршы шақырымға, яғни 27 пайызға қысқарған. Азиядағы, Афри­ка­да­ғы, Солтүстік Америкадағы, Россияның солтүс­ті­гін­дегі және басқа жерлердегі ормандар осындай жыл­дамдықпен жойылуда. ХХІ ғасырдың алғаш­қы 5 жылында ормандардың жойылуы жылына 7,4 млн гектар шамасында. Ал ормандарды жою қазіргі кезеңде осындай жылдамдықпен жүргізілсе алдағы 40-45 жылдан кейін биосферада орнына орасан зор апатты жағдайлардың пайда болуын, көптеген аймақтарда шөлейттену процесінің кү­ше­юін, оттегінің азаюын туындатады. Нәти­же­сін­де планетамыздағы орташа жылу +3-5 градусқа және одан да жоғары көтеріледі деген болжам бар. Ұлыб­ритания ғалымдарының зерттеулері бойын­ша, алдағы бірнеше ондаған жылдар ішінде биос­фе­раның жылынуы 4,50С болады. Бұл процес­тер­дің ішіндегі ең қауіптісі биосферадағы оттегінің азаюы.

Биосфераның эволюциясы барысында циа­но­бактериялар мен өсімдіктердің фотосинтезі нәти­жесінде атмосферада оттегінің көбейіп, қазіргі ке­зеңдегі 21 пайыздық мөлшеріне жету үшін ша­ма­мен 1 млрд жыл уақыт кетті. Егер ауадағы оттегі 21 пайыздан 8 пайызға дейін азаятын болса, ат­мос­ферадағы оттегі мөлшерін қайтадан қалпына кел­тіру үшін жүздеген миллион жыл уақыт керек, ал бұл биосферадағы сүтқоректі жануарлар мен адам­дар үшін апаттың ең үлкені.

– Ал ғаламдық жылыну процесінің әлемге, Қа­зақ­станға зардабы қандай болуы мүмкін?
– Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қап­паровтың Парламент мәжілісіндеҮкімет са­ғатында жасаған мәлімдемесі бойынша, «ғалам­дық жылыну» процесі Қазақстанда жылдамырақ жүруде. Аталған процестің салдарынан Антарк­ти­дадағы, Гренландиядағы, биік таулар басындағы мұз­дықтар 2001-2003 жылдардан бастап 3-4 есе жыл­дамдықпен еруде. Нәтижесінде әлемдік мұ­хит 7-9 метрге және одан да жоғары деңгейге көте­рі­леді деген болжам бар. Яғни теңіз жаға­лауын­дағы көптеген қалалар, елді мекендер су астында қалуы мүмкін. Ал құрылық ортасындағы жер­лер­де, мысалы, Қазақстанда жауын-шашын мөлшері күрт азайып, өте күшті қуаңшылық жағдай қа­лып­тасып, тұщы су проблемасы туындауы ық­тимал. Гренландиядағы, Антарктидадағы, биік таулар басындағы мұздықтар жылдам ерігендіктен жоғарыда аталған 40-45 жылдың әдепкі 15-25 жылы ішінде көктем, жаз айларында жауын, ал кыс айларында қар көп жауып, тасқын су проб­ле­малары туындайды. Кейінгі 2-3 жыл ішінде мұн­дай жағдайлар Еуропада, Австралияда, Қытайда, Индияда, Жапонияда, Ресейде, Тынық мұхит аралдарында және Қазақстанда кыс кезіндегі қар көп мөлшерде жауғандықтан, көктемдегі, жаздағы нөсер жаңбыр әсерінен көптеген елді мекендерді тас­қын су басты. Мысалы, Ресейдің Краснодар (Кубань) өңірінде 2012 жылдың 5-6 шілдесі күн­дері нөсер жаңбыр (аз уақыт ішінде 121-300 мм жауын жауған) әсерінен көптеген елді мекендерді тасқын су басып қалды, 171 адам қайтыс болды, мыңдаған адамдар (30 мыңдай) зардап шегіп, баспанасыз қалды. Жапонияның оңтүстігінде нөсер жаңбыр әсерінен 240 мың адам қоныс ау­даруға мәжбүр болуда. Ал Қытайда тасқын судан 7 миллиондай адам зардап шегуде. 2013 жылы Еуропадағы нөсер жаңбыр әсерінен тасқын су проб­лемасы туындап, зор қиындық туындауда. Қа­зақстанның Жамбыл облысында бұршақ жауын­ның күшті болуы әсерінен көптеген қой қыры­лып, егіс алқаптарына зиянды әсері болды. 2012 жылдың шілде айында АҚШ-та екі аптаға созылған аптап ыстықтан 77 адам қайтыс болды. Канзас штатында қатты қуаңшылық болып, егіс ал­қаптары қурап жатыр. Әлемдегі ең ұзын Мис­сисипи өзенінің суы аптап ыстықтан буланып, саяздана бастады. 2013 жылы Индияда аптап ыс­тық­тан көптеген адамдар қайтыс болды, ал Жа­понияда шілде айында ыстық әсерінен 2500 адам ауруханаға түсті. Бразилияда 450С, Австралияда 41-420С ыстық көп уақытқа созылды. 2012 жылы Қазақстанның Қызылорда облысында 40-450С ыстық болып тұрды. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау облыстарында 35-380С ыстық сақ­талу­да. Нәтижесінде осындай аптап ыстық әсе­рі­нен 2012 жылы бір млн гектар егіс алқабы өте тө­мен өнім берді. 2013 жылы көктемде және жазда жауын көбірек жауғандықтан егіс өнімі жоғары бол­ды. Яғни әлемдік жылу әсерінен және Күннің ак­тивтілігі күшейіп, Жер ғаламшарын қыздыруы сал­дарынан кейбір жерлерде аптап ыстық болуда, ал басқа жерлерде орасан көп мөлшерде жауын-ша­шын болып, тасқын су жиілеп, әлеуметтік шы­ғындар, яғни жануарлар, адамдар өлімі көбейіп, коммуникациялық құрылыстар қирауда, бұл ора­сан көп экономикалық шығындар әкелді. Осы­дан кейінгі 20-25 жылда Еуразия құрылығы орта­сында орналасқан, далалық, шөл-шөлейт аймақ­тары 60 пайыздан асатын Қазақстанда өте күш­ті қуаңшылық жағдай қалыптасып, тұщы су проб­лемасы туындауы мүмкін. Мұндай жағ­дай­ларды болдырмау үшін Қазақстан терри­то­рия­сында күшті фотосинтездеуші, СО2-ні сіңіріп, көп мөлшерде оттегі шығаратын және ұзақ жыл өмір сүретін емен, арша, акация, үйеңкі, т.б. ағаш­ты өсімдіктерді жылда-жылда көптеп егіп, өсіру керек. Бұл жай айтыла салған сөз емес, ал­дағы 40-45 жылдан кейін Қазақстан халқының қа­лыпты өмір сүруінің негізгі экологиялық ке­пілдемесінің бірі. Нәтижесінде өте күшті қуаң­шылық және қатал континентальды климатты жағ­дайды болдырмай, экологиялық жағдайды жақ­сартуға, әлеуметтік (жануарлар, адам өлімін) жә­не экономикалық шығындарды болдырмауға бо­лады деп күтілуде.

– Ұзақ жыл өмір сүретін ағаштарды, отырғызу мен күтіп-баптаудың да өз әдісі бар. Бұл орайда ға­лымдар не істеп жатыр?
– Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық уни­верситетінің Экология кафедрасында күшті фотосинтездеуші әрі ұзақ жыл өмір сүретін емен, ар­ша, акация, үйеңкі ағашты өсімдіктердің тұ­қымын өсіріп, олардың өскін-көшеттерін дайындап, көктемде топыраққа (тұрақты орнына) отыр­ғызып, күтіп-баптап өсірудің ең арзан әдіс­те­месі тұжырымдалды (К.Н.Жайлыбай, Н.Ә.Мұхамединова. Қазақстан экологиясын жақ­сарту мәселелері және емен, арша, акация, сирень өсірудің ең арзан әдістемесі (Ұсыныстар). Ал­ма­ты, 2012жыл). Осы әдістеме арқылы өте көп мөл­шер­де арша, емен, акация, үйеңкі, сирень өскін­дерін көптеп өсіріп, дайындауға болады және бұл өте арзанға түседі. Жеке кәсіпкерлер немесе қа­ла­ны гүлдендіру мекемесі дайындаған аталған ағаш­ты өсімдіктер өскіндерінің (4-5 жылдық) әр біреуі 8-15 мың теңге тұрады. Ауылдық жерлерде және ондағы мектеп айналасына арша, емен, акация, үйеңкі, сирень, т.б. ағашты және декоративті өсім­діктер өсіру үшін 50-100 мыңдаған өскін кө­шеті қажет. Олардың әрбіреуін 8-15 мың теңгеден са­тып алу үшін ауылдық әкімдікте және мект­еп­тер­де қомақты қаржы жоқ. Ал біздің осы әдіс­те­меміз бойынша аталған ағашты және де­коративті өсім­діктер өскіні көшеттерін дайындау өте ар­занға түседі. Аталған әдістемені мектептегі био­логия және экология пәні мұғалімдеріне және оқу­шыларға үйретсек, олар өздері өте көп мөл­шерде арша, емен, акация, үйеңкі, сирень өскіндері көшеттерін дайындай алады. Егер оқу­шылар өздері осы өсімдіктер өскін-көшеттерін өсі­ріп дайындаса, мектеп айналасына, ауыл көшелеріне және маңына отырғызып, өздері кү­тіп-баптаса, олардың табиғатқа, оның эко­логиялық жағдайына көзқарасы түбегейлі өзгереді жә­не мұның экологиялық патриотизм түсі­ні­гін­дегі тәрбиелік мәні орасан зор.

– Елбасының тапсырмасымен Астана маңы соң­ғы 15 жылдың ішінде ну орманға айналды. 1997 жыл­дан бастап егіле бастаған көшеттер бүгінде жай­қалып тұр...

– Иә, Елбасының бастамасымен жасалған «Жа­сыл белдеу» –Астана қаласы үшін қолайлы кли­мат қалыптастырушы басты фактор саналады. Со­ның нәтижесінде, соңғы жылдары елорданың маңында бұрынғыдай боран мен дауыл бай­қал­майды. Бүгінде Астананы жағалай егілген орманда 38 түрлі ағаш өседі. Жыл өткен сайын жасыл бел­деу түрленіп, құлпырып келеді. Біздің де мақ­са­тымыз – маңында ну орманды орнатып, жасыл же­лек еткен Елбасы өнегесі мен идеясын жастар ар­қылы жүзеге асыру.

Бірақ мұны жүзеге асыру оңай емес, оған бүкіл ха­лық, әсіресе, жастар жұмылуы керек. айта кетер бір дерек, 2012-2013 жылы Қазақстандағы 6960 мек­тепте 2,5 млн оқушы оқыды. Ал 2014 жылы жә­не алдағы жылдары оқушылар саны көбірек бо­лады, өйткені халқымыздың саны өсіп келе жа­тыр. Осы оқушылардың 45-50 пайызының әр­қай­сысы он-оннан ағашты өсімдіктер ексе, бір жыл­дың өзінде 12,5 млн түп арша, сондай мөлшерде емен, акация, үйеңкі ағаштары өсіріледі екен. Бұл процесс 40-45 жыл бойы үздіксіз жүргізілсе, елімізде күшті фотосинтездеуші әрі ұзақ жыл өмір сүретін ағашты өсімдіктер орасан көлемде кө­бейеді. Демек, жастар осы игі шара арқылы өздері өмір сүретін экологиялық ортаны жақсартады. Сондықтан Қазақстандағы әрбір мектептердегі, кол­ледждер мен гимназиялардағы биология, эко­логия мамандығы мұғалімдері мен оқушылары, ауыл­дық жерлердегі жас мамандар мен жұмыс­шылар өздері тұрған көшелер мен ауылдарда арша, емен, акация, үйеңкі, т.б. ағашты үздіксіз өс­ірсе, Қазақстандағы куаңшылық жағдай өз­ге­ріп, экологиясы жақсарады деп ойлаймыз. Егін­шілік алқаптарында да ағашты және бұталы өсім­діктер өсіріп, қорғаныс-орман белдеуін жасаудың мә­ні үлкен. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бас­шылығымен Астана төңірегінде санитарлық-қор­ғаныс орман ағаштары отырғызылды және бұл іс-шара одан әрі жалғасуда. Отырғызылған орман ағаштары 8-10 метр және одан да биік болып өсіп, Астана маңындағы макроклиматты және қала ішін­дегі микроклиматты, экологиялық жағдайды жақ­сартуда. Теріскейден келетін қатты жел күшін азай­тып, шаң-тозаңнан, ластаушы газдардан ауа­ны тазартуда. Мысалы, өсірілген ағашты алқап­тар­дың әсері болуы керек, 2012-2013 жылғы қыс ай­ларында басқа жылдармен салыстырғанда қар 5 есе артық жауды, ал көктемде және жазда шауын-ша­шын көбірек болды. Бұл егіс алқаптарының өнім­ділігін арттырады және шөп қаулап өсіп, жануар­лар мен жәндіктерге қолайлы экологиялық жағ­дай туындайды. Осындай іс-шараларды әрбір қа­лалар төңірегінде, облыс және аудан орталық­та­ры маңында, елді мекендерде жүргізу керек. Осындай әдістемемен егістік алқаптарында ор­ман-қорғаныс белдеуін жасап, ағашты және бұ­талы өсімдіктер отырғызып, өсіру қажет. Бұл егіс өнімділігін едәуір арттырады. Ал біздің әдіс­те­ме­міз бойынша ауылдық жерлерде арша, емен, ака­ция, үйеңкі, т.б. ағаштарын көп мөл­шерде өсіруге болады. Осыған сәйкес, Қазақ мем­лекет­тік қыз­дар педагогикалық университетінің Эко­ло­гия ка­федрасының меңгерушісі Н.Ә.Мұ­ха­мединованың бастамасымен және про­фес­сор К.Н.Жайлыбайдың жетекшілігімен Ал­ма­ты облысы Жамбыл ауданы Сұраншы батыр ауы­лындағы Аманкелді орта мектебінде 2012 жылы 300 түп арша, 80 түп емен, осы аудан орталығы Ұзынағаштағы Абай атындағы гимназияда 120 түп арша өскіні отырғызылды. 2013 жылы Алматы облысы Дарынды балаларға арналған Қарғалы № 2 арнаулы гимназиясы ауласында 350 түп арша, 20 түп акация өскіндері отырғызылды. Алматы об­лысы Қарасай ауданы Әйтей ауылындағы Б.Қо­сынов атындағы орта мектебінде 120 түп арша өс­кіні отырғызылды. Алматы қаласы Жетісу ау­даны № 177 ЖББ орта мектебінде 40 түп арша өскінін апарып отырғызып, күтіп-баптау әдіс­те­мелері үйретілді. Алдағы 10-25 жыл бойы аталған мек­тептерде және басқа да мекемелерде күшті фо­тосинтездеуші әрі ұзақ жыл өмір сүретін ағаш­ты және бұталы (декоративті) өсімдіктерді өсіру жалғаса береді. Өйткені аталған мектеп мұ­ға­лім­дері мен оқушыларына емен, арша, ака­ция, үйең­кі, т.б. ағашты өсімдіктерін тұқымынан өсіріп, өс­кіндерін алу және оларды тұрақты орнына отыр­ғызып күтіп-баптаудың ең арзан әдістемесі үйретілді және келесі толқын жастарға үйретіле береді. Осыған сәйкес Жамбыл ауданының 52 мектебінің биология мамандығы мұғалімдерінің қа­тысуымен «Климаттың әлемдік жылынуы, ар­ша, емен, акация, үйеңкі, талшын, сирень өсірудің арзан әдістемесі және Қазақстанның мәңгілік ел болуының экологиялық жолы» тақырыбында се­минар өткізіліп, шеберлік- дәріс аясында лек­ция оқылды, ағаш өсірудің арзан әдістемесі зерт­ха­на­лық жағдайда түсіндірілді. Бұл Елбасы Назар­баев­тың өнегесін, идеясын ауылдық елді мекендерде жүзеге асырудың алғашқы бастамасы, ең арзан және құнды жолы.

2011 жылы Алматы қаласы маңындағы Медеу шат­қалында, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық та­биғат паркінің аумағында күшті желдің әсерінен көп­теген ағаштар құлап қалғаны белгілі. Аталған Ұлт­тық табиғат паркінің ұжымы 2012 жылдан бас­тап «Өз ағашыңды отырғыз» акциясын өткізуде. Қа­зақ мемлекеттік қыздар педагогикалық уни­вер­ситетінің Экология кафедрасы ұжымы және эко­логия мамандығының 1-4 курс студент қыздары жо­ғары оқу орындарының студенттері арасында бірінші болып бұл іс-шараға белсене қатысты және Сібір шыршасы ағашын көптеп отырғызды. Со­нымен бірге Медеу шатқалындағы универ­си­тет­ке бөлінген участкеде құлаған ағаштар орнына сту­дент қыздар өздері тұқымынан өсірген арша, емен, акация, сирень ағашты өсімдіктерінің өс­кін-көшеттерін отырғызуға қатысуда. Атап айт­қанда, 2012 жылы аталған участкеде 600 түп емен кө­шетін (бір жылдық), 300-дей арша көшетін, 60 түп сирень (жұпаргүл) көшеттері отырғызылды. Осы жылдың қазан айында емен тұқымы – жаң­ғақ көп мөлшерде (2 қап) егілді. 2013 жылдың көк­темінде 300 түп арша өскіні, 80 түп акация өс­кін-кө­шеті отырзылды. Студенттер бұл жұмыс­ты әр­бір жексенбі күндері жасады және алдағы 10-25 жыл бойы аталған ағаштар көшеттерін отырғызып, күтіп- баптау жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұ­мыс­тар да Елбасы Назарбаевтың идеясын жүзеге асыру­дың өнегелі жолы. Мұның әлеуметтік және жас­тарды экологиялық патриотизм тү­сі­нігінде тәр­биелеуде маңызы орасан зор. Бұл іс-ша­ралар то­лығымен орындалып, күшті фото­синтездеуші ағаш­ты өсімдіктер жайқалып өскен жағдайда Ел­басы өнегесі мен идеясы толыққанды жүзеге аса­ды.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Мәлімет көзі: aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар