Ғылыми жаңалықтар

Күннен миллион есе жарық жұлдыз табылды

14.03.2014

4079

Француз астрономдары Центавр шоқжұлдызынан ең жарық планетаны тапты. HR 5171 деп аталатын аспан денесі сирек кездесетін алып жұлдыздардың қатарына жатқызылып отыр.


Алып ғаламшар мен біздің планетаның арақашықтығы 12 мың жарық жылды құрайды. Оның диаметрі Күн диаметрінен 1300 есе ұзын, ал, сәулесі миллион есе жарық дейді ғалымдар. Бүгінге дейін астрономдар дәл осындай алып жұлдыздардың небәрі жиырма шақтысын ғана тапқан деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Аспан денесінің көлемі мен сәулесін өлшеу үшін VLT (Very Large Telescope) телескопы пайдаланылған.
HR 5171 жұлдызы Жерден әлдеқайда алыс орналасса да оны ешқандай аппаратсыз-ақ түнде көруге болады.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар