Ғылыми жаңалықтар

Қазақстанда бірде-бір сертификатталған геологиялық зертхана жоқ – Н.Сауранбаев

06.03.2014

3789

Қазақстанда сертификатталған зертханалардың жоқтығы туралы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев «Геология-360°» диалог алаңы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews. кz тілшісі.

«Геологиялық кластер бірқатар себептер бойынша құрылады. Олардың ең негізгісі мемлекеттік геологиялық инфрақұрылымда халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған зертханалардың жоқтығы болып табылады. Еліміз қуатты тау-кен саласы бар мемлекет саналғанымен, бізде сертификатталған бірде-бір зертхана жоқ. Сертификатталған зертхана талдау жасау үшін қажет», - деді Н.Сауранбаев.

Ол отандық сынамалар зерттеу үшін Ресейге шығарылатынын атап өтті.

Мәлімет көзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар