Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар қартаюдан қорғайтын дәріні тапты

06.03.2014

3658

Америкалық ғалымдар зерттеу жүргізіп, оның барысында қартаюдан қорғайтын дәрі табылды. Тәжірибе егеуқұйрықтарға жүргізілгенімен, зертханалық жағдайда препаратты адам ағзасы үшін синтездеу жолымен алуға болады.

АҚШ ғалымдары SIRT1 протеинін ашқан, одан алынған материалды адам ағзасының қартаюын бәсеңдететін дәрі жасау үшін қолдануға болады. Ғылыми қызметкерлерге егеуқұйрықтардың ағзасындағы қартаюды шамамен 10 пайызға баялату қолдан келген.

Сонымен бірге, ғалымдардың сөзіне қарағанда SIRT1 протеинін холестеринді төмендетіп, диабетті емдеуге, негізгі бұлшықеттердің тонусын ұлғайтып, үйлесімділігін жақсарту үшін қолдануға болады.

Қазіргі уақытта аталған препаратпен кеміргіштерге ғана зерттеу жүргізілген, алайда ғалымдар SIRT1 көмегімен кәрілікті жеңуге болады деп сендіруде, деп жазады rosbalt.ru.

Дерек көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар