Ғылыми жаңалықтар

Шетелдегі қазақ ғалымдары Қазақстанға шақырылды

27.02.2014

4005

Шетелдегі қазақ ғалымдары Қазақстанға қызмет етуге тиіс. Олардың атажұртқа қызмет етуіне барлық жағдайды жасауды қолға алып отырмыз. Бұл мәлімдені бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің гуманитарлық зерттеулер орталығының директоры, профессор Зиябек Қабылдинов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан ғылымның дамуына айтарлықтай жағдай жасап отыр. Ғылымның дамуына еліміздің жалпы ішкі өнімінің 3 пайызы жұмсалады. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл көрсеткіш қазіргі таңдағы жұмсалып отырған қаржыдан 20 есе жоғары. Осыншама қаражат ғылымның дамуына революция алып келері анық. Осы орайда шетелдегі қазақ ғалымдарын Қазақстан ғылымының дамуына, өркендеуіне үлес қосуына мүмкіндік жасауды қолға алдық. Университетіміздің ғылыми кадрлық сапасын арттыруға шетелдегі қазақ ғалымдары үлес қоса алады деген сенімдеміз. Дәл қазіргі уақытта шетелде тұратын 40 қазақ ғалымын шақырдық. Олар өздерінің атажұртына келіп қызмет етеді деген ойдамыз. Ғалымдарға ғылыммен айналысуына барынша мүмкіндік жасаймыз», - деді З.Қабылдинов.

Профессордың айтуынша, шетелдегі қазақ ғалымдарымен қатар Ресей, Украина ғалымдары да ЕҰУ-де қызмет ететін болады. Аталған елдердің ғалымдары Қазақстанда қызмет етуге қызығушылық танытып, университет басшылығына ұсыныс білдірген.
Айта кетейік, ЕҰУ қазіргі уақытта Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі. Әлемнің танымал 400 университетінің қатарында 303-ші орында тұр. Ал, ең жас университеттер арасындағы 50 орынның ішінен 32-ші орынды иеленген университет бүгінгі күні 18-ші жыл қатарынан Қазақстанға білікті мамандар даярлауда.

Дерек көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар