Ғылыми жаңалықтар

Жер шарында магнитті дауыл болуы мүмкін

27.02.2014

3942

Алдағы үш-төрт күнде Жер шарында магнитті дауыл күтіліп отыр деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
25 ақпан күні таңертең Күн бетінде қуатты жарқыл пайда болды. Бұл жайлы сейсенбі күні Trend басылымына Әзербайжан Ұлттық ғылыми академиясы Насреддин Туси атындағы Шамахин астрофизика обсерваториясының Күн және күн жер байланысы физикасы бөлімінің жетекшісі Намиг Джалилов айтқан.

Жарқыл сағат 04:40 пайда болып, сағат 05:03 тарала бастаған. Аталған құбылыс шамамен 23 минутқа созылған.
Бөлім жетекшісі Намиг Джалиловтың айтуынша, сегізінші ақпан күні тіркелген Күн бетіндегі қуатты дауыл Жер шарының магнит өрісіне айтарлықтай әсер ете қоймаған. Ал, мына жарқылдың қуаты әлдеқайда күштірек болды дейді ол.

«25 ақпанда орын алған Күн беткейіндегі жарқыл соңғы екі жылдағы ең қуаттысы болып тұр. Сондай-ақ, ол Күн белсенділігінің соңғы он бір жылдық кезеңіндегі ең қуатты саналатын бұл жарқылдың қуаттылығы 4,9 балды құраған. Жарқыл көзі күн дискісінің шығыс бетінде орналасқан. Алайда Күн жарқылы Жерге қарай бағытталған жоқ», - деді Жалелов.

Ғалым сондай-ақ, үш-төрт күнде күн бетіндегі жарқыл Жер шарында магниттік дауыл туғызуы мүмкін және ол Жерге қарай бағытталмағандықтан қуатын алдын ала ескерту мүмкін емес екенін атап өтті.

Айта кетейік, Күн бетіндегі қуатты плазма жарылысы Күн жарқылы деп аталады. Кейінен ол бірнеше миллион шақырымға дейін атылады және бұдан соң ұсақ бөлшектері ғарышқа таралады. Бұл бөлшектер ғарышта магнит ағынын тудырады. Бүгінде НАСА Күнді зерттеу жөніндегі 5 жылдық бағдарламасын іске асыруда және Күн жарқылын бақылау осы бағдарлама аясында жоспарланған жұмыстардың бірі.

Дерек көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар