Ғылыми жаңалықтар

Мұздықтар жарты ғасырдың ішінде 35 пайызға азайған

27.02.2014

5159

Мұздықтар Орталық Азия аймағындағы өзендердің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Олардың жоғалуы орны толмас экологиялық апатқа әкелмек. Ғаламдық жылыну салдарынан соңғы жылдары Қырғызстандағы мұздықтар көлемі шамамен 35 пайызға азайыпты. Бұл туралы Қырғызстан республикасы парламентінің отырысында мәлімделді деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Қырғызстанда шамамен 6 мың мұздық бар, олар ел аумағының 4 пайызын алып жатыр. Барлығы дерлік теңіз деңгейінен 3,2-3,4 мың метр биіктіктен бастау алады. Жергілікті ғалымдардың зерттеулері бойынша, соңғы жарты ғасырда мұздықтардың еру жылдамдығы жылына 0,7-ден 34 метрге дейін көтерілген.

Мұздықтар Орталық Азия аймағындағы өзендердің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Мамандардың пікірінше, әзірге ешқандай қауіп жоқ. Десе де, өзендердің сумен толу тәртібі өзгергені байқалған.

Парламент бүгінгі күні мұздықтарды сақтап қалу үшін арнайы заң қабылдау мүмкіндігін қарап жатыр. Заң жобасының арқасында арнайы әдістер енгізіліп, еру салдары азайтылмақ.

Біле жүріңіз, мұздық - ұзақ уақыттар бойына сақталатын, ұдайы қозғалыстарда болатын, негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз шоғыры. Мұздықтар таулы өлкелерде, қарлы деңгейден жоғары аймақтарда қалыптасып, өз салмағымен төмен қарай жылжиды. Олар ғажайып тiршiлiк. Мәселен, мұздықтар жылжиды дегенге сену қиын-ақ. Бәлкім соның әсері болар, ұзақ жылдар бойына бұл жағдайға онша мән берiлмей келген.

Дерек көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар