Ғылыми жаңалықтар

Астрономдар 715 жаңа ғаламшар ашты

27.02.2014

4340

Америкалық NASA ғарыш агенттігінің «Кеплер» телескопының мәліметтерімен жұмыс істейтін бір топ ғалымдар Күн жүйесі шегінен тысқары 715 жаңа ғаламшардың анықталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.
«Бұл қазіргі кезде кездесіп отырған ғаламшарлардың ең ірі олжасы», - деп мәлімдеді NASA астрофизикалық бөлімшесінің қызметкері Дуглас Хаджинс.

«Екіншіден, Күн жүйесіндегідей, бір жұлдыздың айналасында айналып жүретін ғаламшарлар кең таралған құбылыс болып табылады. Үшіншіден, біз білеміз, Нептун көлемінен бастап Жер ғаламшарының көлеміне дейінгі кіші ғаламшарлар біздің галактикадағы ғаламшарлардың көп бөлігін құрайды», - деді Хаджинс.

Алғашқы экзопланета табылғаннан бері шамамен екі он мыңжылдық ішінде зерттеушілер 1 мыңнан астам жаңа әлемнің ашылуын болжаған еді.

«Кеплер» арқылы табылған 715 жаңа ғаламшар 305 жұлдыздың айналасында айналады. Олардың басым көпшілігі (95%) көлемі жағынан Нептуннан да кіші. Ал төртеуі Жер ғаламшарынан 2,5 есе кіші.

Бұл ғаламшарларда судың бар-жоғы әзірге белгісіз.

Естеріңізге салып өтсек, «Кеплер» телескопы 2009 жылы Жер шары маңындағы орбитада басқа күн жүйесіндегі Жер шарына ұқсас ғаламшарларды – экзопланеталарды анықтау мақсатында іске қосылған болатын.

Дерек көзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар