Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар: склерозды белгілері пайда болғаннан бірнеше жыл бұрын анықтауға болады

25.02.2014

3465

Мюнхен техникалық университетінің ғалымдары шашыраңқы склерозды қан талдамалары арқылы алғашқы белгілері білінбей тұрып-ақ бірнеше жыл бұрын анықтауға болатынын дәлелдеп шықты. Зерттеу нәтижелері 2014 жылдың 26 сәуірі мен 3 мамыры аралығында Филадельфиядағы Америка неврология орталығында (AAN) өтетін дәстүрлі 66-шы жиналысында жарияланады деп күтілуде, деп жазады medportal.ru.

Әлемде шашыраңқы склерозбен ауыратын 2 млн-ға жуық адам бар. Бұрын бұл ауруды дер кезінде анықтау мүмкін болмаған. Себебі ауруға шалдыққан жүйке талшықтарының жұмысын сау талшықтар атқара береді. Ал ауру талшықтар біртіндеп 40-50 %-ға жеткен кезде, бұл ауруды жеңу қиынға соғады.

«Егер де біздің тәжірибелеріміз көп адамдарда нақты шықса, онда біз шашыраңқы склерозды ерте кезеңінде анықтай алатын деңгейге жетеміз. Белгілері қалыптаспай тұрып ауруды табу оны емдеуге алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Тіпті оны басталмай жатып, жойып жіберуге жол ашады», - дейді зерттеудің жетекші авторы Виола Биберахер (Viola Biberacher).

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар