Ғылыми жаңалықтар

Темірдің жетіспеушілігі инсультке душар етеді

25.02.2014

3418

Британ ғалымдары адам ағзасында темірдің аздығы инсультке алып келетіндігін анықтады. Ағзада осы минералдың жетіспеушілігінен қан тұтқырланып кететін көрінеді. Бұл тромбтардың түзілуіне алып кеп, нәтижесінде адам инсультке ұшырайды.
Зерттеу нәтижелері осы аурудың алдын алуда үлкен көмек болады, дейді rosbalt.ru.

Жыл сайын әлем бойынша инсультке 15 млн. адам шалдығады. Олардың 6 миллионы қаза тауып, 5 миллионы біржола мүгедек болып қалады.

Зерттеу барысында ғалымдар 500-ге жуық адамның зерттеу қорытындыларын тексерген. Нәтижесінде белгілі болғандай, тіпті ағзадағы темірдің мөлшері болар-болмас азайғанның өзінде, адамның инсультке шалдығу қаупі екі есеге ұлғаяды.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар