Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандық вундеркинд Петербургте 100 теңсіздік жайлы кітап шығаруда

25.02.2014

3644

Алматылық мектеп оқушысы Петербургте өзінің «100 теңсіздіктің баламалы дәлелдері: бөлетін константалар әдісі» деген кітабын орыс және ағылшын тілдерінде шығаруда, деп хабарлады «Экспресс-К» газеті.

«Монография авторы Әділсұлтан Лепес Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаттың 11-сынып оқушысы. Оның кітабын Санкт-Петербор мемлекеттік электротехникалық университеті шығаруда», - деп хабарлады басылым.

«Бұл кітапта теңсіздіктерді шешудің көптеген әдісі ұсынылған. Сол үшін шығаруды ұйғардық, - дейді жоғары оқу орнының өкілі Сергей Винников. - Бұл еңбек оқырманның ой-өрісін кеңейтеді. Мамандар іс жүзінде екі-үш әдісті ғана қолданады, ал мына кітапта оның 100 амалы көрсетілген».

Әділсұлтан Лепеске «Назарбаев универсиеті», Массачусетс технологиялық институты мен Лос-Анджелес университеті қызығушылық білдіріп отыр.

Қазақстандық мектеп оқушысының есімі Мәскеуде өткен «Юниор» жалпыресейлік ғылыми жұмыстар байқауында және математикалық конференцияда бас жүлдені жеңіп алғаннан кейін таныла бастады. Ресей, Болгария мен Гонконгта шыққан мақалалары да оның атағының шығуына септігін тигізді.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар