Ғылыми жаңалықтар

Қазақ студенттері Лондон университетінің үздіктері атанды

25.02.2014

3573

ҚБТУ Халықаралық экономика мектебінің (ХЭМ) 2 студенті Меруерт Еркебұлан мен Халида Ғалымова Лондон университеті емтихандарының нәтижесі бойынша көш бастады, деп хабарлады қазақстандық ЖОО баспасөз қызметінен.

ҚБТУ ХЭМ 4 курс студенті М.Еркебұлан 100 балдың 92 ұпайын жинап, «Elements of Econometrics» пәні бойынша үздік атанды. Ал Х.Ғалымова «Economics of Labour» пәнінен 90 ұпайға ие болған.

Қашықтықтан білім беретін Лондон университетінің емтихандарын жыл сайын 180 елдің 54 мың студенті бір уақытта тапсырады.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар