Ғылыми жаңалықтар

Биыл жазда тарихта болмаған аптап ыстық болады - ғалымдар

19.02.2014

3645

Германия сарапшылары 2014 жылдың жазы ыстық болады, тіпті кей жерлерді құрғақшылық қысуы мүмкін деп болжауда. Биылғы жаз тіпті тарихтағы ең ыстық маусым болуы мүмкін, деп жазады Росбалт.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, Эль-Ниньо атты табиғи құбылыс жаздың ыстық болуына себеп болады. Бұл құбылыс өте сирек кездеседі. Ол Тынық мұхитының экваториялық бөлігіндегі су температурасының көтерілуінен пайда болады.

Соның салдарынан жел бағыттары өзгеріп, нәтижесінде бір жерде құрғашылық, ал кейбір жерлер, керісінше су астында қалып, толассыз жаңбырдан көз ашпауы мүмкін.

Эль-Ниньоны әбден зерттеген ғалымдар ол толық құрылып болды дейді. Демек бірқатар табиғи катаклизмдер 2014 жылға дөп келуі мүмкін.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар