Ғылыми жаңалықтар

Археологтар Мысыр елінің тағы бір ғажайып құпиясын ашты

18.02.2014

3697

Неміс архелогтарының тобы мысырлық әріптестерімен бірге Мемнон колосстарының қалдықтарын тапты.
Мүсін сынықтарын зерттеу қорытындысына қарағанда, бұлар б. э. д. 27 жылы болған қуатты жер сілкінісі салдарынан жартылай қираған солтүстік Фивы мүсінінің бір бөлігі, деп хабарлайды «Әл-Арабия» телеарнасы.

Айта кетер болсақ, Мемнон колосстары - алып мүсіндер. Аменхотеп ІІІ перғауынның билігі кезінде тұрғызылған, патшалар бейнеленген, кейін перғауынның өзі жерленген зәулім ғибадатхана. Колосстар қорғауындағы 35 гектар жерді алып жатқан Аменхотеп ІІІ кешені өз уақытында аса зәулім әрі бірегей мәдени орталыққа айналған. Мүсіндердің биіктігі 19 метр, ал әрқайсысының салмағы 700 тоннадан астам болған.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар