Ғылыми жаңалықтар

Адамдар суықтан салмақ қосадым

17.02.2014

3796

Солтүстік жартышардың тұрғындары суық климаттың салдарынан артық салмақ қосудан зардап шегуде. Мұндай пайымды британиялық ғалымдар жасап отыр, деп хабарлады The Daily Mail.

Семіздік екі ішек бактериясы Bacteroidetes және Firmicutes-тен пайда болады. Толық адамдарда бактерияның екінші түрі біріншісіне қарағанда көбірек болады. 23 елдің мыңнан астам тұрғынын зерттегеннен кейін ғалымдар экватордан шалғайда тұратындардың Firmicutes бактериялары әрқашан көп болатынын анықтаған.

Зерттеушілердің пікірінше, Солтүстікте тұратын адамдардың қорғаныс механизмі жұмыс істей бастайды: адам денесі суыққа бейімделгенде өз массасын арттырады. «Біз суық аймақтарда тұратын адамдарда семіздік ішек микробтарының әсерінен пайда болатынын анықтадық», - деп атап өтті зерттеу авторларының бірі Таиши Сузуки.

Мәлімет көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар