Ғылыми жаңалықтар

Археологтар 18 ғасырдағы батырдың сауытын тапты

12.02.2014

3860

Қызылқұм шөлінен шымкенттік археологтар 18 ғасырдағы батырлардың сауытын тапты, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Археологтарға кездейсоқ олжа туралы жергілікті тұрғындар айтқан. Тарихшылар алғаш рет бұдан үш ғасыр бұрынғы қазақтардың жоңғарлармен шайқасының деректі жәдігерліктеріне кез болды. Сауыттар, жамылғы және дулыға бұзылмаған қалпында сақталған. Енді ғалымдар қазақтардың ақтабан шұбырынды жылдарындағы өмірі туралы толығырақ біліп, басқа да артефактілерді іздестіру үшін экспедицияға жиналуда.

«Сол бір қилы кезеңдерде тәуелсіздік үшін күрестегі партизандық соғыстың іздерін байқаймыз. Шөлді аймақ осындай ұрыс қимылдарын жүргізуге оңтайлы болған», - дейді тарих ғылымдарының докторы Александр Подушкин.

Мәлімет көзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар