Ғылыми жаңалықтар

Кәрі әкелерден кеселге шалдыққан балалар тууы мүмкін

27.01.2014

3584

Генетиктер 40 жастан асқан ер адамдарға әке болуды жоспарламауға кеңес береді. Мамандардың айтуынша, қартайған ерлерден туған балалардың психикалық ауытқуларға ұшырау қаупі жоғары деп хабарлайды alashainasy.kz Мeddaily.ru порталына сілтеме жасап.

Австралияның Квинсленд университетінің ғалымдары 45 жастағы ер адамнан туған балалар арасында аутизм және есалаң ауруларының 25-29 жастағы ерлерден туған балаларға қарағанда 34 пайызға көп кездесетінін анықтады. Зерттеу барысында қартайған әкелерден туған 3 миллионға жуық баланың психикалық ауытқуларға ұшырағаны белгілі болды. «Адамдар 40 жастан асқаннан кейін бала сүюдің қауіпсіз емес екенін білуі тиіс. Ер адамдардың бойында ұрық өмір бойы өндірілуі мүмкін. Дегенмен келешек сәбидің денсаулығы әкенің жас шамасына тәуелді, жасы келген ер адамдардан балаға генетикалық мутациялар беріледі», – дейді профессор Джон Макграт. Бұған дейін ғалымдар қартайған ер адам жас кезінде де әке атанған болса, баланың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ деп мәлімдеген еді. Сонымен бірге, жуырда ағылшын ғалымдары семіз әкелерден туған қыз балалардың сусамыр ауруына бейім келетінін анықтаған болатын.

Дерек көзі: alashainasy.kz/

«« | »»
Соңғы жаңалықтар