Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар балалар органдарын өсіруді қолға алмақ

24.01.2014

3951

«Назарбаев Университеті» ДБҰ «Өмір туралы ғылымдар орталығы» органдар өсірумен айналыспақ. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне орталықтың бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсыбай Жұмаділов хабарлады.
«Қазіргі таңда жасанды өкпемен жүрген адамдар бар. Негізінен ересек адамдардың органдары (жүрек, өкпе, бауыр) жасалуда. Бұл бағытта ғылым дамып келеді. Бірақ балалар органдарын табу қиын, сондықтан біз балалар өкпесін өсіруге кірістік», - дейді Жақсыбай Жұмаділов.
Сонымен бірге ғалым ішкі органдарды өсіру саласында бірқатар проблемалар да бар екенін атап өтті. Оның ең негізгісі инфрақұрылымның дамытылмауы мен заңнамалық базаның жетілдірілмеуі болып отыр.

«Кез келген сала дамыған зияткерлік әлеуетті қажет етеді, сондай-ақ бізде осы технологияларды енгізетін, қабылдап, мониторинг жүргізетін құрылымдар болуы тиіс», - деп атап өтті профессор.

Сонымен бірге Жақсыбек Жұмаділов қазақстандық ғалымдар ішкі органдарды өсіру барысында мұндай жетістікке қол жеткізіп үлгерген батыстық әріптестерімен тәжірибе алмасатынын айтты. Бастама донор органдары жетіспеушілігі проблемасын шешуге мүмкіндік бермек.

Источник: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар