Ғылыми жаңалықтар

Ғылым – дамудың жаңа кезеңіне қадам басты

24.01.2014

3875

Алматыда «Синергия – Ғылым, бизнес және қоғамды біріктіру» деген тақырыпта ғалымдардың форумы болып өтті. Басқосуға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Балықбаев, Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері, еліміздегі ғалыми мекемелердің басшылары қатысты. Алқалы басқосуда 2013 жылы ғылым саласында жасаған жұмыстарына есебі тыңдалынып, ағымдағы жылдың жоспар талықыға түсті.

«Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама мемлекеттік орталығы» АҚ «Жүйелік сараптама және болжамдау» жобасын жүзеге асырған болатын. Жобада Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ғылыми және технологиялық дамуының басым бағыттары анықталғанын айта кетуіміз керек. Орталық қызметкерлерінің пайымдауынша, жоба көрсеткіштері Қазақстандағы ғылыми дамудың мүмкіндіктерін анықтап, халықаралық институттармен біріге отырып ғылыми зерттеулер жүргізуге жол ашатын болады.
Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін үшін медицина, биотехнология, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау, көлік құрастыру, ақпараттық-технологиялық коммуникациялар, жаңа материалдарды жасау және энергетика салаларында зерттеу жүргізетін топтардың ғылыми тақырыптарын бір жерге біріктіру қажеттігі айтылды.

Бүгінде дамыған елдері пайдасын көріп отырған дәстүрлі емес қуат көздерін дамыту қазір маңызды міндеттердің біріне айналғаны белгілі. Отандық ғалымдар желден, судан энергия алудың тәсілдерін ойлап табуда. Қуатты үнемдеп, тиімді пайдаланатын елге айналуымыз үшін жаңа инновациялық технологиялар әзірлеуіміз қажет.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Қазақстан 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты дәстүрлі Жолдауында ғылымды дамытуға басымдық бергені баршаға мәлім. Жолдауда Елбасы: «Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады», – деген болатын. Елбасы сонымен қатар экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызына дейін арттыруды атқарушы билікке тапсырған-ды. Форумда Елбасы жүктеген тапсырмалар алдағы жылдарға міндет етіп қойып, оны жүзеге асырудың жолдары қарастырды. Сонымен қатар әлемдегі ғылыми және технологиялық трендтердің таныстырылым болды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар