Ғылыми жаңалықтар

17 ЖАСТАҒЫ «ҚАРИЯ» ҚАЙТЫС БОЛДЫ

17.01.2014

4131

АҚШ-та «қартайған» деген диагнозбен 17 жастағы Сэм Бернс қайтыс болды. Дүниеге келгеннен бері өте қауіпті дерт – прогериямен ауыратын Сэмнің бүкіл өмірі сырқатын түзеу үшін дәрі ішумен өтті.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, мұндай анықтама қойылған балалар 13 жастан артық өмір сүрмейді екен. Алайда дәрігерлер оның өмірін тағы төрт жылға ұзартқан. Оның ауруы екі жасынан бастап біліне бастаған. Адамзаттың бойында бар аурулардың барлығымен ауырған Сэм Бернс 17 жасында шашы, тісі түсіп, қарияның кейпіне енген.
Тіпті осыдан бірнеше жыл бұрын Бернс «Сэмнің көзқарасы бойынша» атты деректі фильмге түскен. Бұл кино тіпті «Оскар» сыйлығына да ұсынылды. Қайырымды азаматтар мен жұртшылықтың бұл киноға ықыласы ауғаны соншалық, деректі фильм 15 миллион доллардан артық қаржы жинаған.
Мамандардың айтуына қарағанда, прогерия жас балалардың ғана емес, кез келген жастағы адамда пайда болуы ықтимал. Аталған сырқаттың емі жоқ.

Источник: aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар