Ғылыми жаңалықтар

Арал теңізінің орнына орман отырғызылмақ

14.01.2014

3546

Орталық Азияның қос күре тамыры – Әмудария мен Сырдария өзендерінің суы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мақсатында пайдаланатындықтан, Арал теңізінің тартылуы жарты ғасырға жуықтады.

Тартылған теңіздің табанынан көтерілген шаң-тозаң мен тұз экологиялық апатқа ұрындыратынын, ал бұл апаттың адам денсаулығына қауіп төндіретінін ғалымдар айтудай-ақ айтып келеді.

Осыған байланысты Қазақстан мен Өзбекстан ғалымдарының есептеуінше, тартылған теңіз табанының ауданы шамамен 6 млн гектарды құрайды. Осынау ауыл шаруашылығына жарамсыз, сортаңға айналған жерді орманға айналдыру жайлы бастама көтерілді. Өзбекстан билігі қоршаған ортаны қорғауға қатысты 2013-2017 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылдады. Аталмыш құжатта Арал мәселесі де ұмыт қалмады.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 89,39 млрд сум (1635,55 млн доллар немесе 57,63 млн еуро) қаржы қарастырылғанын айта кету керек.

Источник: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар