Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар қыс мезгіліндегі ең ауыр күнді анықтады

09.01.2014

5379

Көптеген адамдар қыста жұмыстарына жарық түскенге дейін барып, одан үйге қараңғы түскенде бір-ақ қайтады. Мұндай күн сәулесінің жеткіліксіздігі жағдайында адамдарда айтарлықтай психикалық ауытқулар туындайды, деп ескертеді Mental Health Research UK ұйымы. Егер адам күн сайын өзіне қажетті күн сәулесінің мөлшерін қабылдамаса, бұл оның күйзеліске ұшырап, көңіл-күйінің төмендеуіне себеп болады, деп жазады The Daily Mail.

2000 адамға жүргізілген зерттеулер нәтижелері әрбір он адамның үшеуі қыс айларында таң жарығы білінгенге дейін оянып, үйлеріне күн батқан соң ғана оралатынын көрсетті. Олардың 50% жұмыс орындарында табиғи жарық көздерінің жеткіліксіздігінен зардап шегетінін білдірді. Ал, әрбір оныншы адам жұмыс орнында табиғи жарықтың мүлдем жоқ екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ғалымдар қыс мезгілінің ең ауыр күні - қаңтар айының үшінші дүйсенбісі екенін анықтады. Себебі, бұл кезде адамға суық ауа райының әсері, өткен жылдардан қалған қарыздарының болуы, Жаңа жылды тойлағаннан кейін дел-сал күйге енуі және жұмысқа деген ынтасының төмендеуі байқалады.

Источник: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар