Ғылыми жаңалықтар

Алма дәрінің орнын алмастыра алады

06.01.2014

3647

Бұл үшін зерттеушілер инфаркт болған және сондай қауіп төніп тұрған адамдарды тексерген.
Алма инфаркттан сақтауда дәрілерден еш кем түспейтіні анықталған. Алманы жиі пайдаланатындардың жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда дәрілердің орнын алмастыра алады. Бұл туралы Британия медициналық журналында жариялап отыр. Оксфорд университетінің зерттеушілері зерттеу нәтижесінде ХІХ ғасырда пайда болған «Күніне бір алма жеген адам ауырмайды» деген сөзді растап берді.

Зерттеу кезінде инфаркт алған және қауіп төніп тұрған адамға статин препаратын берген, ал қалған адамдар тұрақты алма жеп тұрған. Нәтижесінде препарат та, алма да жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алатындығын көрсеткен. Осылайша алма жеуді күнделікті әдетке айналдырғандар статинді немесе өзге де препараттардың көмегіне жүгінбейтін болған.

Ғалымдар өзге де жемістердің адам ағзасына пайдалы екендігін айтады. Бірақ мамандар жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін күніне жеміс-жидек пен көкөністердің бес түрін жеу керек дейді. Фастфуд есте сақтау қабілетін жоятындығын, тәтті мен майлы тағамдар мидың кейбір қызметтерін жоятынын ұмытпаумыз керек.

Мәлімет көзі: ru.tsn.ua

«« | »»
Соңғы жаңалықтар