Қазақстан ғылымы

Құрылыс объектілерінің вибрациялық-акустикалық бақылауының қазақстандық жүйесі әзірленуде

01.04.2025

77



Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің зерттеушілері құрылыс нысандарын вибрациялық-акустикалық бақылаудың автономды жүйесінің шағын әрі қолжетімді жұмыс прототипін әзірлеуде. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда құрылыс алаңдарында вибрациялық-акустикалық мониторингке арналған жабдықтарды дайындау бойынша отандық өндіріс жоқ. 

Қолданыстағы шетелдік шешімдердің кемшіліктері сол, оларда адамның қатысуынсыз нақты уақыт режимінде шудың ластануын үздіксіз бейнелеу немесе картаға түсіру жоқ.  

Құрылыс объектілерінің вибрациялық-акустикалық мониторингінің дербес жүйесі шу мен дірілдің шекті рұқсат етілген деңгейінен асып кету фактілерін уақтылы хабарлауға және тіркеуге; іргелес тұрғын аудандарда шу мен дірілдің ластануының зиянды әсерінен қорғау бойынша оның алдын алу шараларын қабылдауға; құрылыс ұйымдарының тыныштықты бұзғаны үшін айыппұлдарға арналған шығыстарын қысқартуға; тұрғындар мен құрылыс ұйымдары арасындағы ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Жобаның мақсаты – сенсорлар мен геоақпараттық жүйе негізінде құрылыс объектілерінің вибрациялық-акустикалық мониторингінің жедел жүйесін (ВАМЖ) әзірлеу. 

Жобаны іске асыру барысында қаланың тар құрылысы аймағындағы шу мен дірілдің ластануы бойынша статистикалық деректерге талдау жүргізілді. Бұл құрылыс алаңдарының вибрациялық-акустикалық мониторингі жүйесінің қолайлы құнын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйені қолданудың жұмыс диапазондары мен әлеуетті шарттарын белгілеуге мүмкіндік беретін құқықтық, техникалық және санитарлық-гигиеналық нормативтерге талдау жүргізілді. Жүйенің техникалық талаптары мен архитектурасын қалыптастыруға септігін тигізетін пайдалану тарихы да жиналды. Шу мен діріл ластануының кеңістікке таралуының математикалық моделі жасалып, сымсыз сенсорлық құрылғылар мен жүйенің деректер коллекторы жобаланды және құрастырылды.  

«« | »»
Соңғы жаңалықтар