«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «ВНИИцветмет» филиалының ғалымдары Қазақстан кендерін байытудың заманауи технологияларын әзірлеп, енгізіп жатыр.
Ерекше назар мыс-молибден кендерін селективті байыту технологияларын әзірлеуге аударылып отыр. Бұл бір мезгілде мыс және молибден концентраттарын алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта екі тауарлы өнім – мыс пен молибден концентраттарын алуға мүмкіндік беретін селективті флотация технологиясы Ақтоғай және Бозшакөл кен орындарында табысты енгізілді.
«ВНИИцветмет» әзірлеген технологиялық регламент негізінде Қызылту кен орнында мыс-молибден кендерін қайта өңдейтін байыту фабрикасын салу бойынша жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1064405?lang=kk
Фото: Gov.kz