Айтулы шара

29.11.2017 ҰҒК төрағасының орынбасары А.Сапаровтың есебі тыңдалды

«ҰМҒТСО» АҚ-да ҰҒК төрағасының орынбасары А. С. Сапаров «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу» басым бағыты бойынша 2017 жылдағы қызметі туралы Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде есеп берді.
Биылғы жылдың басындағы нәтиже бойынша гранттық қаржыландыруға 562 есеп қабылданып, бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру бойынша 26 есепті ары қарай қаржыландыру мақұлданған болатын. ТРТПШӨҚӨ басымдығы бойынша гранттық қаржыландырудың 2017 жылы көлемі 3 599 545 416 теңгені құраса, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 2 883 303 000 теңге болды. Биыл Кеңесте БНҚ бойынша 9 өтінім қаралды, оның 8-і қаржыландыруға ұсынылып, ЖҒТК қарауына жіберілді.
2017 жылдың шілде-тамыз айларында Кеңес ГҚ4 бойынша 282 жобаға (5 жоба бойынша белгілі бір себептермен тоқтатылды) және БНҚ-14 бойынша 26 жобаға Қазақстанның барлық қалаларында жергілікті жерлерге бара отырып, мониторинг жүргізілді.
Тікелей эфир барысында А. С. Сапаров гранттық қаржыландыру бойынша өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Ғылыммен айналысатын жас ғалымдар санының аздығы, зерттеушілердің жарияланым белсенділігінің төмендігі, ғалымдарды материалдық-техникалық базамен толықтай қамтамасыз ету мәселелері әлі де өзекті болып отыр. Алдағы уақытта осы және өзге де мәселелерді қайта қарау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, А. С. Сапаров тікелей эфир кезінде ғалымдар мен ғылымға қызығушылық танытушы адамдардың сұрақтарына жауап берді.
Осы ретте Ұлттық Ғылыми Кеңестің 2018-2020 жылдарға арналған «Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар» басымдығы аясында мамандандырылған ғылыми бағыттарды бекіткенін айта кеткеніміз жөн.


«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

2714
Қатысушылар
Қатысу