Айтулы шара

29.03.2014 Ғылымды коммерцизациялау өріс алады
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Құсайынова ханым осы аптада Алматыға келіп жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелердің жұмысымен танысты. Комитет төрағасының орынбасары «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталғы» АҚ да ат басын бұрып, орталықтың жұмысымен танысып, ой бөлісті. Кездесу соңында орталықта ұзақ жыл қызмет атқарған нәзік жандыларды Наурыз – көктем мерекесімен құттықтап, комитеттің «Құрмет грамотасын» табыс етті. 
 
Басқосу барысында Л.Құсайынова бірінеше жыл бұрын қабылданған «Ғылым туралы» заңды дайындауда «ҰҒТАО» АҚ мамандары белсенділік танытып, өз ұсыныстарын дайындап бергенін еске алды.   – Еліміздің барлық ғылыми мекемелері атсалысып, қабылданған жаңа заң бүгінде еліміздегі ғылымның дамуына барынша қолайлы жағдай туғызуда. Бұған сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Қазіргі таңда орталық қызметкерлері ғылыми салада мемлекеттік тіркеуді табысты жүргізіп келеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып, мемлекеттік тіркеуде зерттемелер жайында мол ақпарат қамтылуы керек, – деді Л.Құсайынова. Расында да «Ғылым туралы» жаңа заң қабылданғалы бері отандық ғылымда айрықша даму байқалуда. Ғылым комитеті төрағасының орынбасары жаңа заң негізінде қаржыландырылған ғылыми-зерттеу жұмыстары биыл өз нәтижелерін бере бастайтынын алға тартты. Яғни, ғылымды қаржыландырудың жаңа жүйесі қаншалықты тиімді болғанын байқайтын боламыз. Өз сөзінде Л.Құсайынова ханым қазақстандық ғалымдардың ғылыми жаңалықтары ел экономикасын өркендетуге серпін беруі керектігін айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де ғылым мен өндірістің арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, ел экономикасын дамыту қажеттігін жиі айтып жүргені белгілі. 
Бүгінде Ғылым және білім министрлігі бұл бағытта көптеген жұмыстарды атқаруда. Осы ретте Ләзат Абайқызы комитет еліміз бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерцизациялау бойынша кең көлемді жұмыстарды қолға алғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол бұл іске «ҰҒТАО» АҚ қызметкерлері де өз үлесін қосы керек екенін атап өтті. Осылайша ғылым мен өндірістің арасын жақындатып, инновациялық экономика құру ісіне еліміздегі ҒЗИ мен ЖОО өз үлесін қоспақшы. Жиын барысында сөз алған «ҰҒТАО» АҚ президентінің орынбасары Маринат Бапиева орталық ғылымды коммерцизациялау ісіне барынша мән беріп отырғанын жеткізді. Мекеменің бұл бағыттағы жұмыстарына мейлінше қолдау көрсетіп отырған Білім және ғылым министірлігі жанындағы Ғылым комитетіне ризашылығын білдірді. 
 
Бұдан кейін алыстан ат терлетіп келген мейман орталықтың белсенді қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға «Құрмет грамотсын» табыс етті. Осы орталықта ұзақ жыл еңбек етіп, қазақ ғылымының дамуына барынша үлес қосқан Юзефа Кульевская, Галина Улезько және Тамара Көбиевалар марапатқа ие болды. Еңбегі еленген орталық қызметкерлері комитет басшылары өз еңбектерін елеп, ескеріп құрмет көрсеткеніне алғыс айтты.
2931
Қатысушылар
Қатысу