Халықаралық гранттар

Шанхайдың бірлескен ғылыми зерттеулер бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталғаны хабарланды (Shanghai Sci-Tech Co-research Program)

Шанхай қаласының ғылым және технологиялар жөніндегі комиссиясы (STCSM) Global Sci-Tech Partnership Initiative бастамасы шеңберінде 2025 жылға арналған Shanghai Sci-Tech Co-research Program бірлескен ғылыми зерттеулер бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты

Бағдарлама Шанхайдың халықаралық зерттеу ортасын дамытуға және жоғары тәуекелді, серпінді іргелі әрі технологиялық зерттеулер саласында бірлескен жұмыстар жүргізу үшін шетелдік жас ғалымдарды шақыратын ғылыми ұйымдарды қолдауға бағытталған.

Жобаларды іске асыру кезеңі – ¬¬2025 жылғы 1 желтоқсаннан 2027 жылғы 30 қарашаға дейін.
Грант мөлшері – бір жобаға 400 000 юань.

Қатысушыларға қойылатын талаптар

1. Қабылдаушы ұйым (Host Organization):
Шанхайда тіркелген болуы және жобаны орындауға қажетті жағдайлары бар болуы керек.  

2. Негізгі өтінім беруші (Principal Investigator):
Төмендегі барлық шартқа сай болуы керек:

Шетел азаматтығы және әлемнің жетекші университеті немесе ғылыми институттарының бірінде алынған жаратылыстану ғылымдары немесе инженерия саласындағы PhD ғылыми дәрежесі болуы қажет.
Жасы 45-тен аспауға тиіс (1980 жылдың 1 қаңтарынан кейін туғандар).
Шетелдік университетте, ғылыми ұйымда немесе корпоративтік R&D бөлімшесінде жұмыс істеуі керек.
Қытайда тұрақты жұмысы болмауы шарт және қытайлық компанияның басшысы болмауға тиіс.
Жоба барысында Шанхайда жалпы кемінде 6 ай болуға, оның ішінде үздіксіз кемінде 3 ай тұруға мүмкіндігі болуы керек.

3. Өзге де шарттар:

Өтініш беруші бағдарлама аясында бір ғана өтініш бере алады.
Егер бұған дейін (мысалы, MOST, NSFC немесе муниципалдық қорлар арқылы) қаржы алған болса, жобаның айырмашылығын және оның дамуын негіздеу қажет.
Құпия ақпаратты қамтитын жобалар қабылданбайды.
Қаражаттың 80%-дан астамы муниципалды қаражатты басқару жүйесіне сәйкес жоба бойынша тікелей шығындарға жұмсалуы керек.


Өтінім беру процесі
1. Бастапқы байланыс:
Талаптарға сай келетін шетелдік ғалымдар өз атынан өтінім беретін шанхайлық ұйыммен байланыс орнатуы керек.
2. Өтінім беру және мерзімдері:
o Өтінім беру тек онлайн түрде Shanghai Science and Technology Management Information System (svc.stcsm.sh.gov.cn) жүйесі арқылы жүзеге асады.
o 2025 жылға өтінім қабылдау мерзімі 2025 жылдың 7 қарашасына дейін.
o Процедура бір кезеңдік сараптамалық бағалауды қамтиды.
o Мақұлданған жобалардың қорытынды тізімі ашық түрде жарияланады. 

Байланыс ақпараты

Телефон (қалалық): +86-800-820-5114
Мобильді: +86-400-820-5114



Пайдалы сілтемелер
Жоба бойынша өтінім беру формасы (Project Proposal Application Form) 

https://stcsm.sh.gov.cn/%E6%8C%87%E5%8D%97%E8%8B%B1%E6%96%87%E9%99%84%E4%BB%B6-Attachment.docx

Дереккөзге сілтеме https://stcsm.sh.gov.cn/zwgk/kyjhxm/xmsb/20251018/3d668e190cf249e186009e6c400268b4.html  

Анықтама: Шанхай қаласының ғылым және технологиялар жөніндегі комиссиясы (STCSM) Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Шанхайдың 2025 жылға арналған бірлескен ғылыми зерттеулер бағдарламасына өтінім беру жөніндегі нұсқаулықты жариялады. Толығырақ https://stcsm.sh.gov.cn/zwgk/kyjhxm/xmsb/20251018/62747d353155493dbc8e46aba0ff4f34.html