Әлемдегі ғылым

Салмағы ауыр жүкті көтеруге арналған экзоскелеттер жасалды

23.09.2025

6

Қытай ғалымдары алғаш рет ауыр физикалық жұмысты едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретін пассивті роботтандырылған экзоскелеттерді таныстырды. Бұл туралы Global Times хабарлады.

Жаңа экзоскелет магнитореологиялық жетектің негізінде жасалған және затты ұстау кезінде қолға қатты жүк түсірмей, алақанның шыдамдылығын едәуір арттырады. Агенттіктің мәліметінше, бұл жаңалықты Қытай ғылым және технология университетінің (USTC) профессоры Сунь Шуайшуай жетекшілік ететін зерттеу тобы таныстырған.

«Келесі кезеңде экзоскелеттің жұмысын адамның ниетін тану технологиясының көмегімен жетілдіру жоспарланып отыр. Осылайша, құрылғыға пайдаланушының нақты міндетіне қарай қолдау күшін бейімдеуге болады. Сонымен қатар қаңқаның салмағын азайту және беріктігін арттыру үшін композиттік материалдар мен 3D-басып шығаруды қолдану көзделіп отыр», – деді профессор Шуайшуай.

Экзоскелетті жасаушылардың айтуынша, бұл құрылғы салмағы 200 килограмнан асатын тақтатас плиталарын жеңіл көтеруге мүмкіндік береді. Бұл оны құтқару жұмыстарында — үйінділерді тазарту мен жер сілкінісінен зардап шеккендерді эвакуациялау барысында қолдануға жол ашады.

Дереккөз: https://www.gazeta.ru/science/news/2025/09/22/26788046.shtml
Фото: Globaltimes.cn

«« | »»
Соңғы жаңалықтар