Абай атындағы ҚазҰПУ жас ғалымы Әсем Бақытжанқызы бірден екі аурумен күресуге қабілетті инновациялық дәрі жасап жатыр.
Әсем Бақытжанқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география факультеті, химия кафедрасының PhD, аға оқытушысы, Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі. Оның зерттеу бағыты – гетероциклді органикалық қосылыстар негізінде туберкулез бен диабетке қарсы жаңа дәрілік заттар синтездеу, оның фармакологиялық формаларының ерігіштігін анықтау.
«Мақсатым – қос биологиялық белсенділікке ие қосылыстар арқылы екі ауруды (туберкулез бен диабет) бір ғана дәрімен емдеу мүмкіндігін қарастыру. Қазіргі жасап жатқан жұмысымыз – елдің келешегіне бағытталған инвестиция. Бұл – фармацевтика саласы үшін үлкен жаңалық болмақ», - дейді жас ғалым.
Әсем Бақытжанқызы «Sparkle Science of Chemistry» студенттік ғылыми зерттеу ұйымы арқылы студенттерді ерте зерттеуге баулып, тәжірибе мен біліктіліктерін қалыптастырып келеді.
Дереккөз: https://t.me/gylym_jogary_bilim/10533
Фото: Ғылым және жоғары білім