
Сурет https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/28650/ сайтынан алынды.
Кореядағы Еуразия ғылымдары және түркология институты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ынтымақтастығын нығайтпақшы. Екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі.
Корея институтының директоры О Ын Ген және ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев кездесіп, білім және ғылым саласындағы әріптестік байланыстарды қарастырды. Әсіресе, түркітану саласындағы зерттеулер бойынша бірлесіп жұмыстар жүргізу алға қойылды.
О Ын Ген түркітанушы ғалым ретінде қазір Қазақстанды зерттеп жүргенін жеткізген. ҚазҰУ-да түркітану саласындағы жұмыстарды тереңдету алға қойылып отыр. Қазіргі таңда ҚазҰУ-да Түркітану және тіл теориясы кафедрасы жұмыс істейді.