Германияның зерттеулер, технологиялар және ғарыш жөніндегі Федералды министрлігінің (BMFTR) гранттары
Германияның зерттеулер, технологиялар және ғарыш жөніндегі Федералды министрлігі (BMFTR) Германиядағы ғылыми ұйымдармен бірлескен зерттеулер жүргізуге өтінім қабылдау басталғанын хабарлады. Германиядағы ұйымдар жобаның үйлестірушісі, ал халықаралық ұйымдар серіктес бола алады.
•
Су-энергетикалық байланыстар туралы жоба (WENex) – су ресурстарын пайдалануды оңтайландыру және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді әзірлеуге қолдау көрсету. Дедлайн:
2025 жылғы 30 қыркүйек. Толық ақпарат алу үшін немесе өтінім беру үшін мына сілтемеге өтіңіз:
https://www.fona.de/en/measures/funding-measures/Water_Energy_Nexus.php
• Шикізат ресурстарын тұрақты пайдалану саласындағы бағдарлама (EGARoh Junior) – шикізат ресурстарын тұрақты пайдалануға көшуге арналған жобаларды қолдау үшін зерттеу топтарын құруға бағытталған. Дедлайн: 2025 жылғы 31 тамыз. Толық ақпарат пен өтінім беру:
Тұрақты серіктестікке негізделген ғылыми құрылымдарды құру жөніндегі бағдарлама – халықаралық ғылыми құрылымдар мен желілерді құру тұжырымдамасын әзірлеу, серіктестіктерді жолға қою, үйлестіру жөніндегі шаралар. Германиядағы зерттеулер мен қызметкерлер шығындары қаржыландырылады. Дедлайн:
2026 жылдың қаңтары.