EXPO-2017

Қазақстанда ЭКСПО туралы заң қабылданады

09.10.2013

6100

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда ЭКСПО-2017 туралы заң қабылданады. Бұл жайында бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Министрдің айтуынша, ЭКСПО-2017 қалашығын салу үшін елімізде көптеген технологиялар алғаш рет пайдаланылады. Сондықтан да кейбір әкімшілік кедергілер туындауы ықтимал.

«Қысқа мерзімді ескере отырып, бізде болып жататын төрешілдікті азайту үшін және кейбір ресми үдерістерді жеңілдету тұрғысында осындай заңды қабылдау керек», - деп түйді ведомство басшысы.

Ақпарат көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар