EXPO-2017

ҚазҰТУ енді АЭА жұмысына қатыса алады - Ж.Әділов

20.11.2014

7209

Индустриялық инфрақұрылымды дамыту ел Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында алға қойылған міндеттердің бірі. Үкімет пен әкімдерге арнайы экономикалық аймақтарды нақты жобалармен толтыру жөнінде жедел шашарларды қолға алу тапсырылды. Бұл міндетті орындауға біздің университет те өз үлесін қоса алады.
Бұл туралы бүгін Аматыда Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында ректор, академик Жексенбек Әділов айтты.

Ол ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 9 АЭА құрылғанын еске салды: олар - «Астана - жаңа қала» (жеңіл өнеркәсіп, автоөнеркәсіп, авиациялық, химиялық салалар); Маңғыстау облысында «Ақтау теңіз порты» (жеңіл өнеркәсіп, металлургия, химия өнеркәсібі); Алматыдағы «Ақпараттық технологиялар паркі» (прибор жасау); ОҚО-дағы «Оңтүстік» (жеңіл және мақта-мата өнеркәсібі); Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнайхимия технопаркі» (мұнайхимия өнеркәсібі); Ақмола облысындағы «Бурабай» (туризм); «Павлодар» (химия және мұнайхимия өнеркәсібі); Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» (металлургия және машина жасау); Алматы облысындағы «Қорғас - Шығыс қақпасы» (логистика) ж»не «Тараз химия паркі» (химия өнеркәсібі).

«Мемлекет басшысы осы АЭА-ның қызметін нақты жобалармен толтыру жөнінде нақты талап қойып отыр. Біздің ЖОО-да енді осындай бірқатар АЭА жұмысына тікелей қатысуға мүмкіндіктер туындап отыр», - деп мәлімдеді ҚазҰТУ басшысы.

Университеттің міндеті - мұнайхимия және металлургия салаларында жоғары технологиялы өндірістер құру жөніндегі конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау үшін уақытша ғылыми шығармашылық ұжымдар құру, «Астана - жаңа қала», «Ақтау теңіз порты», «Ұлттық индустриялық мұнайхимия паркі», «Павлодар», «Тараз химия паркі» АЭА үшін инновациялық химиялық технологиялар бойынша кемінде бір жоба дайындау, металлургия бойынша жаңа технологиялар ұсыну, логистика саласында Қорғастағы АЭА қызметіне қатысу болмақ.

Бұл үшін бұрын алынған патенттерге талдау жасап, тіркелген авторлық құқықтарды коммерцияландыру қажет.

«Сондай-ақ біздің ЖОО энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жоспарларын жүзеге асыруға да қатыса алады. Магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік аудандарында электр энергиясының, орталық және шығыс өңірлерде - табиғи газдың жетіспеушілігін туғызуда. Соңғы жылдары елімізде электр энергиясының өндірісі мен тұтыну көлемі жыл сайын 4-5 пайызға артып отыр. Бұл экономиканың өсіп отырғанын білдіреді. Бұл үрдіс одан әрі жалғасатын болады. Егер 2013 жылы 90 млрд. кВт/сағат өндірілген болса, KazEnergy болжамынша, 2030 жылға қарай оның өсімі 150 млрд. кВт/сағатқа немесе 66 пайызға өсуі күтілуде», - деді ректор.

Электр энергиясын өндіретін негізі қуаттар солтүстік өңірлерде шоғырланған, соның нәтижесінде электр энергиясының онда артық болуы, ал оңтүстікте - жетіспеуі орын алып отыр. Сондықтан да Қазақстан үшін қайтарымды энергия көздерін қолдану маңызды міндет болмақ. Бұл проблема ЕХРО-2017 мәселелерімен үндеседі, қазір оның көлемі небәрі 0,5 пайызды ғана құрап отыр.

Қазақстанда баламалы энергетиканы дамыту мүмкіндігі үлкен: елде күн энергиясының, жел энергеиясының, шағын өзендердің елеулі ресурстары бар.

«Сондықтан да біздің ЖОО «жасыл» энергетика үшін инновациялық технологиялар жасауға белсене қатысуда, бұл орайда бірқатар перспективалық жобаларымыз бар», - деді Ж.Әділов.

Сондай-ақ оның пікірінше, энегргиятиімді электржелілік жабдықтар жасау, баламалы энергетика саласында жаңа технологиялар жасау жөніндегі зерттеу жұмыстарын жеделдету үшін ғылыми-инновациялық қызметті күшейте түсу қажет.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар